Шешілмедім...
Алдыңда ақталып бір шешілмедім,
Кінәмді өтінемін кешір менің.
Жанарыңнан үзілген маржан үшін,
Мен о баста кінәмә кесілгенмін.
Жазамда сол алысып тұнық мұңмен,
Өз мұңыма өлгенше құнықтым мен.
Сенің жарық сәулеңді сағынғаннан,
Өзімді-өзім аяуды ұмыттым мен!