Жақсылардың үлгісі
Жанып тұрған шамдай.
Шешендердің сөздері
Ағып тұрған балдай.
Шешендік деген не? Бұл ежелден ұрпақтан ұрпаққа келіп жеткен қазақ халқының асыл мұрасы. Бұндай тіл өнері суырып салма, жүрекжарды сөздерге негізделіп, өзінің шығармашылық сыпатымен өзгешеленеді. Түрік өркениетінің қалыптасуында хан, басшылардың орны қаншалықты маңызды болса, жанындағы кеңесшілері де соншалықты маңызды болған. Оларды өз кезегінде «бұйрық», «ноян», кейін Шыңғыс ханның ұрпақтары Ислам дінің қабылдағаннан соң оларды «би» деп атайтын. Сонау V-VI ғасырларда Бәйдібек би, Аяз биден басталып, қазір де өз жолын оратор кісілермен жалғастыруда. Шешен, оратор кісілер ділмар, орақ ауыз, от тілді, тапқыр болуы тиіс. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» деген нақыл сөз халық аузында сақталған. Майқы би түрік, қазақ әдебиетіне қосқан үлесі зор. Өз заманының төбе биі болған. Халық тағдырына қатысты істерге ұйытқы болып, көреген көсемдігімен жұртқа ықпал еткен тарихи тұлға. Сондай-ақ қаз дауысты Қазыбек биді, қазақтың төбе биі Төле биді, және Әйтеке биді халық барлық билердің биі деп атаған. «Жеті жарғы» заң жинағын шығаруға көмектескен бұл үш бидің есімдері мәңгі есімізде қалады.
Шешендік өнер не үшін керек? Бұрын би, шешендер даударды өз парасаттылығымен, білімімен дұрыс шеше білген. Айқын мысалы ретінде, Төле бидің жесір дауын шешуін айта аламыз. Қазір бұл көбіне, дұрыс сөйлеу, кез келген мәселеге сөз айта алу, адам санасына кіру, олардың назарын аудару, сөздерінің мәнді болуы жатады. «Сөз дегенің ұлы билеуші, ол... керемет істер жасайды, өйткені ол қорқынышты қуады, қайғыны жояды, қуаныш ұялатады және қоса уайымдауды оятады». Яғни «сөз пышақтан да өткір». Әрине, дұрыс сөйлей білген адамның бәрі шешен, оратор бола бермейді. Көпті көрген, көп оқыған адам ғана бұл өнерді алып кете алады. Оратор болсан, алысқа кетесін. Сол үшін көп еңбек жасап, талпыну керек.
Бойында оратор шеберлігі бар адамдар халықтың алдында ұялмай, өздерің бос ұстау керек. Көп адамдардың бойындағы халық алдында сөйлей алмау қасиеті шешен адамдарда болмайды. Себебі, өз сөздеріне 100 пайыз сеніп отырған адам неден қорқсын? Әр тақырыпта қорқпау сөйлей алу үлкен жұмыстың жемісі.
Сонымен қатар, оратор адамдардың бойындағы дипломатиялық қасиетті атап өтіге болады. Дипломат, яғни елші. «Елші ердің төрт құбыласы тең болсын, елде – кісі, сыртта бүтін ел болсын!» -деп Жүсіп Баласағұн айтып кеткен. Екі ел арасындағы дау, мәселелерді шешуші. Ұрыспай, сөз шығармай қарым-қатынасты орнату үлкен талант. Сол себепті дипломат позициясында болған адамдарды сөзсіз оратор, ділмар кісілер деп айтуға болады.
Әр шешен, оратор халықтың алдында жауапкершілігін сезуі тиіс. Шешен кісі интернеттен оқыған дүниесін оқып, халыққа айта алмайды. Қазіргі таңда интернет су, копирайт, яғни сүзгіден өтпеген информацияның жиынтығы осы интернетте. Кітап, кітап, кітап. Кітап оқысан ғана, басқа адамдардан алда болсын. Басында айтқанымдай шешен көпті білген, оқыған кісі болуы шарт. Тек 100 пайыз тексерілген фактілерді ұсынуы керек. Халықты өз сөзімен баурап алу, өзіне қарату шешен адамдарға тән.
Басқа мамандықтарға келетін болсақ. Мысалы: Медицина қызметкері жүз ойланып, айту керек. Оның айтылған сөздері адам өміріне байланысты болғасын, бұл жауапкершілігі мол мамандық. Басқалары оны ұқпай қалса, басқа бір олқылықтарға тап болуы мүмкін. Ал медицина да бұндай қарым-қатынас мүмкін емес. Журналист билік мен халықтың арасындағы көпір. Осы тұста сұхбатты, немесе басқа адамдардың сөздерін атап кеткен жөн. Газетке ол сұхбатты жөндеп, сөздерін қосып, әдемілеп жариялайды. Алайда, өңделген материал, өз ойын жоғалтуы мүмкін. Осы сәтте бұл материал журналисттің кәсібилігін жоққа шығарады. Журналист қандай да бір материалды жарияламас бұрын, өз интервьюерден «сіз осындай өзгерістерге келісесіз бе?» деп сұраған дұрыс. Бұл журналисттің біріншіден мәдениеттілігін, екіншіден кәсібилігін көрсетеді.
Журналистердің сөйлеу мәдениеті. Қазіргі таңда БАҚ тіл мәдениеті дамуының айқын бір көрінісі – тілдің үнемі дамуы, жаңару, толығу үстінде болуы. Бұнын бәрі қоғамда болып жатқан жағдаяттар мен тарихи оқиғалармен тығыз байланысты. Тәуелсіздігімізді алғаннан 29 жыл өтті, осы 30 жыл шамасында тіл орашолақтығымыздан арыла алмадық. Тіпті, сүттің бетіндегі қаймақтары-журналистерден ондай шұрайсыз, шала сөйлегенін байқауға болады. Ондай мамандар әдеби тілдік норманы, сөйлеу мәдениетінің табиғатын білмек түгілі, ауызекі, тұрмыстық сөйлеудің өзін бұзып айтады. Дұрыс сөйлей алатын журналист аз.
Бастап келе жатқан және кәсіби ораторлардың айырмашылығы? Әр адам бір сәттен-ақ оратор болып кетуі мүмкін емес. Ол үлкен еңбек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тілінбей»-дей келе, өз қателіктерін дұрыстай білетін, критиканы қабылдай алатын оратор ғана шыңдалады. Өзімен өзі көп жұмыс жасау керек. Дайындықсыз-ақ халық алдына шығып сөйлеу деңгейіне жету әр адамның қолына түсе бермейтін бақ. Шешендікке деген қабілеттілікті ақтау керек, оған лайық болу керек. Жас оратор мынадай қателерді жасауы мүмкін:
· Эмоцияға тым берілуі мүмкін;
· Тәжірибесінің аз болуынан сөз тіркестердің дұрыс қолданылмауы;
· Өзі ұсынған фактінің дәл не дәл болмауы;
· Дайын мәтінмен шектеліп, ешқандай импровизация жасай алмауы.(ойы ағып тұрған бұлақтай төгіліп, бірін бірі толықтырып отыруы керек)
Ал енді, кәсіби оратор өз сөзіне, ұсынған фактілердің дұрыстығына сенеді.
Мысалдары да нақты, дәл, тақырыпқа сай болады. Осының бәрі үлкен тәжірибенің үлгісі.
Қорыта айтқанда, Қазақтың би-шешендері ғасырлар бойы ұрпақтарды сөйлеу мəдениетін игеруге, қалыптастыруға негіз болды. Шешендік сөздер, негізінде, халық даналығынан туған асыл мұра, халықтың асыл қазынасы. Өмірдегі сан алуан құбылыстарды бір-бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап сөйлеген сөздер табысқа, жеңіске жетуге құлшындырып, рухтандырып отырған, қуаныш үстінде дем берушілік, реніш тұсында жұбатушылық қызмет атқарған. Былайша айтқанда, тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызып сөйлеу шеберлігі.