Таяқша қайда ілініп қалды екен??? Шаруам жоқ)
Түлкібас жайлы сөз қозғау үшін таяқша іздеп қайтем десең даааа)
Мен туған өлке! Мен өскен өлке!
Ең шұрайлы да, көрікті мекенде туып-өскенімді мақтан тұтпаушы ем. Бәрі Алматыға келгеннен басталды. "Қайдансың" дегенге "Түлкібастан" десең, болды ғой) Әй, мақтап жөнеледі. Ұшып кете жаздайтын болдым.
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Жаскешу аулы - менің алтын бесігім.
Мынау картамыз) Жазық кешу деген менің аулым ғой. Дұрысы - Жаскешу
Екі салт атты кетіп барады етегіне тауымның...
сылдыр-сылдыр... Мен естідім бұлақ үнін...
Долана теруші едік домалап ап...
Қымбат маған бәәәәәрі!
Біз жиі шомылатын - Балықты көлінің сыртқы көрінсі. Шаң-шаң боп шапқылап жүруші ек...
Балықты көліндегі асыл әжелер. Ауылдың алты ауызын айтып тұр)
Өрістегі сиырлар көрінісі. Арыс өзенінің ерке жылғаларынан су ішіп жатқан ауылды сүтпен "қаматамасыз етушілер"
Дала, сені сүйеді ерке самал!
Талай түлектің қанатын баптаған Түлкібас!
Түбінде терең тұнық суы бар Түлкібас әулиесі кесенесінің сыртқы келбеті
Ұлы Жібек жолының тоғысында орналасқан біздің мекен
Тұрар Рысқұловтың мұражайы
Ауған соғысы құрбандарына арналған ескерткіш
Аудан әкімін осы жерден табасыздар)
Кәрі ағашта да бар қадір...
"Шыңына көз жетпес"...
"Көркіне сөз жетпес"...
Түлкібаста да Тастар сөйлейді...
Көк айдынды Балықты көлі куә балалығыма...
Мен де бір қызғалдақпын далада өскен...
Алматы-Шымкент тас жолымен өтіп бара жатып мына жерді көре қалсаңыз, Арыс өзінен оңға қарай тіке жүріп, тағы да оңға бұрылыңыз. Сосын жетінші үй - менікі))
Қонақ боп кетіңіз біз жаққа!