Шерхан ағамен Хан Тəңірін бағындырамыз!

Шерхан ағамен Хан Тəңірін бағындырамыз!
жеке
блог

Ертеде бір кісі Пайғамбарымыз Мұхаммедтен: 

– Сізден кейін де пайғамбарлар болады ма? Алла сізден кейін де өз елшілерін жерге жібере ме? – деп сұрақ қойған екен. Сонда Пайғамбарымыз:
– Жоқ. Менен кейін пайғамбарлар болмайды. Бірақ, менен де ұлы, менікінен де ой өрісі кең, менің жолымды жалғастырушы ақындар дүниеге келеді! – деген екен. Пайғамбарымыздың жолын жалғастырушы, Абайдан бастау алып, бүгінге дейін жалғасып жатқан ұлы көшке ілесіп келе жатқан, ақындықтың ауыр жолын өзіне лайық деп тауып, өзімен үлкен міндетті алып жүрген жас ақындардың бірі, біздің «Хан tengri» тобымыздың жетекшісі – Шерхан Талап ағамыз.Шер аға

      Шерхан ағаның осындай ауыр жолды таңдауының өзі біз үшін ерлік.

      Біз өз жетекшімізбен мақтанамыз. Байқау басталғалы Шерхан аға бізге білгенін үйретіп, ақыл кеңестерімен бөлісіп, бізді жігерлендіріп отырады. Топта біздің өзіміздің ізденуімізге, тіл табысуымызға  бар күшін салады және өзге топтарды құрмет тұтуға үйретеді. Жеңіс тұғырынан көрініп жатсақ, барлығы осы жанның арқасы деп білеміз.  Санаулы күнде біздің топтың ұл-қыздарының ағасындай болып кеткен Шерхан ағамызға осы блогты арнағанды жөн санадық.

Біз

       Жаңа айтқандай Шерхан ағамыз жайлы санаулы күнде біраз мағұлмат білдік(ВК парақшасын біраз ақтардық). Сезімге толы жырларының өзі ақынның қандай жан екенін айқын ұғындырып тұрғандай (Одри Хепберн жайлы әңгімесінің өзі бір төбе).

ла

       Ақын жанды көкірегі сезімге толы Шерхан ағамызды ҚазҰУ түлегі болуымен құттықтай отырып, еңбегіне табыс, зор денсаулық тілейміз!