Шелли Мэрлидің романы және бас кейіпкері Виктор Франкенштейн

Шелли Мэрлидің романы және бас кейіпкері Виктор Франкенштейн
жеке
блог

Шелли Мэрли (1797-1851) ағылшын жазушысы «Франкенштейн немесе заманауи Прометей» атты көркем-фантастикалық романын жазды. Жазушы туындысы 18 жасында дүниеге келген. XIX ғасырдағы жас әйел затында сирек кездестін білімді, дүниетанымды шығармасынан байқаймыз.
Фантастиканың атасы Жюль Верннен (1828-1905) бұрын 1818 жылы фантастикалық романын бүркеншек атпен жарияланған. Жазушы өз атымен тек 1831 жылы романын жариялайды.
Романға оралсақ. Жан және өмір (тірі денедегі) сөздері романда бір-бірін толықтыратын дара ұғымдар. Жан Жаратушы силаған сыйлық. Жан өмірге мән береді. Жансыз өмір? Өмір бар! (жан дүниесі жоқ тірі өлік, -зомби т.б. ойын-сауық киноларын көрсетіледі). Бірақ, адам қолыммен берілген өмір орынды ма? Адам өмірінде адамгершілік қасиетті тек жан анықтайды, оны тек Жаратушы береді. Бұны ескермесе нені аламыз? Адам келбетіндегі тірі құбыжыққа кім деу мүмкін бе? Роман кейіпкері -жас ғалым Виктор Франкэнштэйн адамдарды өлімнен құтқармақшы, іске асқан ойы түбінде оған тек қайғы-қасірет әкеледі. Сұмдық тәжірибесін жасауға анатомиялық театр және мал соятын орын дене бөліктерімен үзбей қамтыды. Түбінде әр адамның мүрдісінен тігіліп құрастырылған адам кейпіндегі бойы 8 фут (8*0.3=2.4 метр) болатын құбыжықты алады.
Әдетте фантаст жазушының көріпкелділігі сыналады, Шелли Мэрли романы көріпкелділік жайлы айту орынсыз. Дегенмен, адам мүрдісінен ішікі ағзаларды тірі адамға қойып, оған өмір сыйлау, XX ғасырда іске асырылды. Ғалымдардың бұл қадамы ізгі ниет десек, кейбір зертханаларда жасалынған тәжірибелер этикалық тұстан қабылдау қиын.
Гендік инженерліктің жетістіктерінің негізінде жануарларды клондау, жасанды жасушаларды жасау тәжірибелері дұрыс па? Оның соңы не болмақ?

Көркемдік жағына келсек. Романның үзіндісінің аудармасын емес, жуық баламасын ұсынайын.
Виктор Франкэнштэйн студент кезін есіне алып, әкесі оны оқуға шығарып салып жатқанда, айтқан сөзін есіне түсірді. 
«Білгенімде, егер де өз-өзіңнің қаракетіңе көңіл-күйің толық болса, бізді еске алып, хат жазып, сағынышыңды білдіресің. Хат жазбай хабар-ошарсыз кеткенің -сенің атқарып жүрген күнделікті істерің толық атқарылмағаны, көңіл-күйің орта жүргенің, хабар-ошарсыз кеткеніңді осылайша түсінсем, кешіре гөр мені балам», -деген еді.
Әрі қарай Франкенштейн ойын жалғастырды.
Оқудан бас ала алмадым, қиындығына көніп жүрдім (адам физиологиясын танып білу үшін адам мүрділерімен жұмыс істеді. Шірікке айналып бара жатқан өлі денелермен жұмысты жұмсартып айтқанда, жүрек айнытарлық іс десе де жетіп жатыр немесе қаншама тірі мақұлықтарды қинағанды дұрыс іс демерсіз). Ісім -жанымды қинайды.
Бүкіл жаратылысымды өз-өзіме бағындырған ең маңызды еңбегімді аяқтап болғанша барлық үйреншікті істерімді ысырып қойдым (маңызды еңбегі: өліген денені тірілту).
Әке, менің үнсіз қалғанымды мәнсіз салтанат құрған өмірім және жалқаулығым дерсіз. Осылай маған әділетсіз шешім шығара жатарсыз. Бірақ, қазір әкем одан да сорақы жайттардың орын алғанына күдіктенуіне негіз бар еді (жиналған білім оны жарға итереді).
Меніңше, ғалым кемел адамдай болуы тиіс. Түсінгенімде кемел адам әрқашан байсалдылығын сақтап, орнықты қалпынан құмарға және өткінші ынтызарлыққа бой алдыртпайды. 
Ісімді жалғастырғанда байқағаным -қандай болсын ісіңіз үйреншікті қарекетіңізге немесе қарапайым адамға тән кәусар қуаныш сәттерінен аластатса, атқарып жүрген ісіңізден адамға жат қылық табылып қалары мүмкін. Егерде адамдар осы қағиданы түсінсе және туысқандарын аластатпай жақын тартса, оларға деген туыстық ыстығын жоғалтпаса ешқашан Грек елі құлдыққа түспес еді, Цезарь өз туған елін аяр еді, Американы игеру жүре-бара жүргізілер еді, Мексикадағы және Перудағы мемлекеттер ойраны шықпас еді.
Блог - bake: Шелли Мэрлидің романы және бас кейіпкері Виктор Франкенштейн
Роман желісін жалғасы ретінде түскен «Мен Франкэнштэйнмін» киносы бар. Шелли Мэри қаламынан шыққан романнан алыс, фантастика емес, мистикасы мол фэнтези жанры. Кино арнаулы эффекттер тізіміне бай. Жазбамның соңы. «Жазғы еңбек демалысында не оқыдым, қандай кино көрдім?» деген әңгімеден осы жазба жазылып кеткені.