Шексіз өмір

Әрбіреуіміз бұл өмірге келгеннен бастап, өз алдымызға мақсат қоямыз. Мақсат, армандарымыздың орындалу, орындалмауы тек өзімізге байланысты. Қазіргі кезде, дамыған заман жүзінде өмір сүру бағыты қиындап бара жатыр, бәсеке өсіп жатыр. Десек те, ХХІ ғасыр - мүмкіндікке толы ғасыр. Толағай табысқа толы кейбір жасөпірімдерге қарап, тіпті, ересек адамдардың өзі таңқалып жатады, бұл адам өміріне  талпыныс береді.

Жақында, шетел ораторы, жазушы Ник Вуйчичтің кітабын оқыған едім. Ник Вуйчич - өзге жандарға қарағанда, өзгеше, аяғы мен қолы жоқ болып туылған адам баласы. Алайда, бұған қарамастан, өз қойған мақсаттарына жете алған Ник Вуйчичтің өміріне қарап-ақ, өз өмірімізге сабақ ала аламыз. "Жизнь без границ" атты кітабын оқыған кезімде, ерекше бір сезімге бөлендім, өзіме сұрақ қойдым. Неге біз жаратушы берген сыйды бағаламаймыз, он екі мүшесі сау бола тұра, өмірімізге қанағаттанбаймыз? Кейбір сәттерде, пенде болғандықтан ойға түңілеміз, өмірге шағымданамыз, қиындыққа тез берілеміз. Бұл кітап, қол мен аяқсыз болсын, өмір сүрудің өзі - бақыт екенінің нағыз дәлелі. Ал, біз неге бақытты өмір сүрмейміз? Бәрі салыстырмалы түрде танылады. Өміріміз бен өзімізді бағалайық...


Бөлісу: