Шекарада тағы өлім

Шекарада тағы өлім
жеке
блог

Шын жүректен көңіл айтамыз! Бүгін шекарашылардан тағы бір қаралы хабар келіп жетті.Ұшақта қаза болған шекарашылардың 40-ы өтпей жатып қазақ халқы тағы да 2 боздағынан айрылды.Оның бірі Шонжа шекара бекеті командирінің орынбасары капитан Міржақып Қадралинов кеше кешкі сағат 6-лар да өзін-өзі атып өлтірді .Ал одан 1-2 күн бұрын шекара қызметі академиясының басшысы, генерал-майор Талғат Есетовте өзіне -өзі қол жүмсағанды.Бұл азаматтар өздеріне-өздері қол жұмсады ма жоқ па бұл жағын білмедім ,бірақ СМИ агенттіктері осыны жарыса жазуда.Міржақып Қадралинов өліміне байланысты ол жанұясындағы ұрыс-керістен кейін өзіне-өзі қол жұмсаған дейді бұған сену қиын.Темірдей тәртіпке үйренген жігіттің мұндай іске барғаны өкінішті-ақ,ал генерал майордың өліміне байланысты ештеңе айта алмаймын.Соңғы 3 айда шекара қызметі 30 шақты офицерінен айрылды.Бұл оқиғалар Арқанкерген ісімен байланысы бар ма? кім біледі бәрі де мүмкін бұл өлімдермен әлдекімдер шындықты жасырғысы келді ме екен деген ойға қалсын. Мұндай оқиғалардан кейін бұны әлде кім істетіп отырма деген ойға қаласын атыс-шабыс фильмдегілердей оған ұқсамағанда несі қалды дерсің офицерлер бірінен соң бірі түсініксіз жағдай да өліп жатыр.Бұл орайда шекарашылар өзін қорғай алмай жатқанда шекараны қалай қорғамақ деген сұрақ өзіне-өзі туындайды.Бұл түрімізбен 2050-ге дейін аман-сау жетсек болар еді.