Шежірелі жер- еңселі ел баяны
блог
Торғай деген жағрапия ғылымында- бұл мынау Тайға мен Тұран өлкесінің ортасында жатқан кең де көлемді қазалы байтақ жер. Торғай тарихы тым көне, атауы қалын елі тыныс-тіршілігімен әр кезеңі үндесіп жатқан. Ел тарихында қатынасты көптеген оқиғалар осы өңірде өткен. Торғай қаласының іргетасы 1845 жылдың 22 шілдесінде қаланды. Торғай қашаннан қала атануы әскери губернатордың жарлығы негізінде жатса керек. Қалада бекініс негізі, алдымен қазарма салынған. Кейінгі аласапыран ұрыстар салдарынан құлаған қазарма кірпішінен 1931-32 жылы Торғайда халық "Қызыл балнес" атап кеткен үлкен аурухана салынады.
Алты көшелі қаланың терістігінде, алыстан көрінетін үлкен күмбезді шіркеуі болыпты. Үш көше тоғысатын қала орталығында алаң болған.Мұнда қала зиялыларымен татар саудагерлерінің үйлері орын тебеді. Губернияның әкімшілік үйі қазыналық банк қаланың түскей беті, өзен жағасында орналасқан. Жәрмеңке алаңында осы бетте, қаладан оқшалау онтүстігінде. Мешіт қаланың батыс беткейі, орталық тұсынан кейінірек салынады. Қаланың алғашқы тұрғындары "қарашекпенділер" орыс босқындары мен атты қазақтардан тұрған. Оларға ілесе саудагер татарлар көптеп келіп орналаса бастайды.1855 жылы Торғайда бірінші гильдиялық көпес Жаушевтердің/ Яушев/ сауда орындары ашылады.
1876 жылы қалада 570 тұрғын болса, 1902 жылы тұрғындардың саны 1180 жетеді. Торғайдың ресми түрде қала атануы 1868 жылы болса керек, оған дейін Торғай бекінісі немесе Орынбор бекінісі аталып кеткен. Халқымыздың аяулы ұлдарының бірі Ы. Алтынсарин 1864 жылы Торғайда тұңғыш рет мектеп ашады. Қаланың байырғы тұрғындары қатарында ағартушы ұстаз Алтынсариннің, губернатор Яковлевтың, дәрігер Горниннің, мал дәрігері Штангельдің, медбике Соколованың есімдері қатар аталады. Ы. Алтынсариннің басшылығымен кәсіптік училище, қыздар мектебі ашылады. Торғай кәсіптік училищесінде кезінде Ә. Жангелдин, қыздар мектебінде Н. Құлжанова мен А. Досжановалар оқыған.
Алаш көсемдері А.Байтұрсынұлымен М.Дулатұлы, Республиканың жер шаруашылығы халық комиссары Кәрім Тоқтабаевтар да Ыбырай мектебінен қанаттанады.Елдегі көптеген тарихи оқиғалардың түпқазық кіндігі де Торғай болған. Орыс патшалығының басқыншылық саясатына қарсы бас көтерудің, қарсылық білдірудің, құлдығына көнбейміз дегендей қыр көрсетудің алғашқы белгілері Торғайда туындаған. Келешекте Торғай даласы даңқы әлемге жайылған гүлденген жерге, өнері өрге басқан бақытты елге айналатындығына еш күмән жоқ