"Шаянға барсаң әншімін деме" деп қазақтың кемеңгер жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, шынында да шежірелі Шаян өңірінде жез таңдай, күміс көмей әншілер жетерлік. Шаянға барсаң бүгінде Асан атты жас талантты әншіні танымайтын жан жоқ шығар. Ол-таңдайына бұлбұл ұя салған әнші. Бірталай облстық, республикалық одан қала берсе Грузияның Тблиси қаласында өткен " Гамарджоба Тблиси" байқауында гран приді иемденіп, еліміздің көк туын желбіретіп келген жайы бар. Жас талантты әншіден біраз сұхбат алып, әңгімеге тартып қайттым.
Асан ОҚО. Бәдібек ауданында дүниеге келген. Қазіргі таңда Шаян ауылында, № 1 мектеп интернатының биылғы жас түлегі. Өзі қатысқан концерттердің сәнін кіргізетін Асан сегіз жасынан әнге құмар болған. Киелі сахнаға алғашқы ұстазы Ержан ағай жетектеп келіп осы бір өнер жолына Асанның кірпішін қалады десек те болады. Ерекше дауыстың иесі қазақ компазиторларының әндерін нақышына келтіре орындап, әсіресе Ескендір атамызыдың " Атамекенін" нақышына келтіре орындап халықты еріксіз баурап әкетеді. Ата-анасымен қазіргі ұстазы Аяулым апай да, Асанның осы бір талантын ерекше қарап, күнделікті жігер беріп отырады. Еліміздегі көптеген соның ішінде "Жарқын болашақ", " Жас талант","Болашақ жұлдыз", "Арай", "Шаян барсаң, әншімін деме", " Astana Stars", "Гамарджоба Тблиси" атты байқаулардың гран при иегері атанған. Әр жарыстың ерекше орыны бар, солардың ішінде жыл сайын республикамызда өтетін " Арай" байқауы мен бұл жарысқа қатысқан сайын, өзіме ерекше ерік-жігер аламын, биылда тағы қатысып, келесі кезеңге жолдама алдым,-деп жас әншіміз қуанышымен бөлісіті. Жәнеде қазір тыңғылықты дайындық үстіндемін туғандарымның, ұстазымның елімнің алдындағы үміттерін ақутауым керек. Оның үстіне биылғы жыл мен үшін ерекше естен кетпес жыл болмақ, себебі талай түлектің аламанға түсер сәті ҰБТ-ға дайындықпен еш бос уақытым табылмай жатыр. Өнер десе ішкен асын жерге қояр халықпыз. Елімізден түрлі таланты тарланбозды әншілер жетіп артылады, солардың ішінде үлгі тұтар ағаларың бар ма, дегенде тосылмай Асан: мен қазақ өнерінің бар адамдарын құрметтеп, үлгі тұтамын. Солардың ішінде жаныма жақыны Астана опера балает театрының әншісі Сүндет Байғожин ағамыз.
-Алдағы жоспарларыңмен бөліссең - Жоғарыда айтып кеткендей қазір "Арай 2017" ге дайындалып жатырмын, бұл менің өмірімдегі ең маңызыды ән жарысы болмақ. Осы жылдың күз айында тағда халақаралақ байқауға жолдама аладым. Ол Санкт-Петербургте болатын " Салют Талантов" мықты әншілер бас қосатын қызықты жарыс болмақ.
Біраз Асанмен әңгіме дүкен құрған соң, жас әншінің қазіргі ұстазы Аяулым апайды да, әңгімеге тартық.
-Асан қандай шәкірт? -Асан тиянақты, қарапайым жігіт. Айтқан тілді ек етпейді, еекеуміздің ойымыз бір жерден шығыды. Дайындыққа шақырсам кешікпей келіп, ән айтып дауысын түзеп, ерекше ілтипат танытыды. Сыртынан сүйсіне қарайтын адамдар көп, бірақ Асан қанша жарысқа қатысып, тіптім халықаралақ жарыстан келгеннен соң, бір жұлдыз болып адамды менсінбей кеткен жайы болмапты. Қайта қарапайымдылықпен өзіне айтылған жылы лебіздерді жақсы қабылдап, алғысын білдіріп жатады. Асанды көріп , бүгінгі таңда "Мен Асан аға секілді әнші боламын"-дейтін жас балалар көп деп, Аяулым апай ағынан жарылыды.
Дүние дидарында ән шырқып жүрген жас талантты әнші Асан, бүгінгі таңда шет елдерге түрлі байқауларға барып, еліміздің көк туын көгінде желбіретіп келген жайы бар. Соларың бірі Грузия мемлекетінде өткен "Гамарджоба Тблиси" байқауы. Онда Т.Мұхаммеджановтың әні " Отан" әнін орындап талайды таң қалдырып, бас жүлдені қанжығасына байлаған. Ендеше жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып пырағы алда озып тұрған талантты досымызға өмірдеде, өнерде де аяғы талмай ұлты сүйген ұл болып, ата-анамен сенім артқан ұстазыңмен , достарыңның үмітін ақтап, Алаштың айбынды азаматы болып, Парижді мойындатқан Әміре Қашаубайев, кешегі өтіп жатқан миллиярд халықты таң қалдырған Димаш Құдайбергеновтің ізін әрмен қарай жалғап, осындай қазақ деген елдің әлемге атын шығара бер! Әңгімелеріңізге рахмет!