Шашыраңқы ойлар

Шашыраңқы ойлар
жеке
блог

Массагеттің орнығып алған тұрғындары келіспейтін шығар... Мейлі! Он.Кз ауылын сағындым. Сондағы жылылықты, жұп-жұмыр ортаны. Бәрінен бұрын мұңыммен бөлісе алатын шағымды. 

Уақыт өткен сайын адам өзгеріп, қимылдаған сайын тіршілігі де, тірлігі де арта береді екен... 

Жұмысым ақырындап жүрып жатыр. Астанаға ауысам деп барып, өзімді тоқтаттым. Астанаға баруға әлі ерте, тағы да көркейе түссін...

Есіктен кіргелі тұрған күздің салқыны Алматыны жауып тұр. Өзім тоңғақ ем, пальто киіп алатын түрім бар :). 

Сіңілім студент болды, енді екі студенттің "бастығы" боп жүрем:). Кеше дәптер-қаламдарын көріп, тағы да студент болғым кеп кетті. Бәрі де басқаша болар еді...

Мінезім қатал боп кеткен сияқты. Ұнатпағанымды бетіне айтатын болыппын. Тік мінезім де алға тартты. Сол дұрыс. Өзіме одан сайын ұнап барам :). 

Өмірімде көп нәрсені өзгерттім, қолымнан келді. 

Биылғы жаз ерекше есімде қалады. Көптеген таныстық, көптеген саяхат, көптеген құбылыстар. Және басты оқиға... 

Туған күнім жақындап келеді. Жасым ұлғайып барады деп ойлап көрмеппін. Бірақ, дәл сол күні көңілсіздік басады еңсемді, үнемі солай. Адам өмірге жылап келген күнде толыққанды қуана алмайтын шығармыз... Туған күнімді қалай тойласам деген ой мазалап жүр :).

Бір сыныптасым номерімді тауып, кеше қоңырау шалды. Кешірім сұрады тоқтамай. Себебін сол күйі түсінбедім. Өткен күндер үшін дейді... Құрбы боп бірге жүрмеген ек... Қызық...

Номер демекші... 3 аптаға жақындап қалды ғой дейм, бір жігіт танысайық деп мазамды алып жүр. Бірбеткей екен өзі, күніне 3 реттен қоңырау шалады. 3-4 күн бұрын ғана дұрыс сөйлесе бастадым :). Өзін көрмесем де, күнде мазамды алғанға үйреніп қалған екем. Кеше қоңырау шалмады. Алаңдап қалдым. Күлкілі... :) Ең күлкілісі, танысым әдейі ойнап жүрсе ше... 

Адамдарды қыңыр-қисық қалпымен жақсы көруді үйрендім. Бұрын ойдан шығарған талаптарым бар еді... 

Өмір тамаша...!