Тал бойында міні жоқ ерекше жаратылған әйел затының ұзын да қолаң шашы қай кезде болмасын көпшіліктің назарын аудартпай қоймайды.Иықтан төмен түскен қою қара шаш-шындығында да жан баспаған қара орманды көз алдыңа елестеді.Жылтыры күнмен шағылысатын жарнамадағыдай қайратты шаш-әрбір қыз-келіншектің арманы.Жаздың самал желімен жарысып,түбі-еменнің тамырындай мықты,кешкі нөсер жауынындай төгіліп тұратын шашқа,әрине күтім керек.Өзімнің күнделікті өмірде пайдаланатын тәсілдеріммен бөлісер болсам:
N1.Ең алдымен,шашыңыздың дәл қазіргі жағдайына көңіл бөліңіз.Міндетті түрде шашыңызды күніне екі мезгіл: ұйқыдан тұрған соң және ұйықтар алдында тараңыз.Тараудың да өз ережелері бар.Қазіргі таңда дүкен сөрелерінде тарақтың мыңдаған түрлерін кездестіруге болады.Қыз-келіншектердің көпшілігі пластмасса тарақтарын пайдаланатыны белгілі.Бұл-бірінші қателік.Сұлулық символына айналған,ақылымен,даналығымен ұлы батыр-Ер Тарғынның жары болған Ақжүніс "Ер Тарғын" жырында "Шашын дынданмен тараған" деп суреттеледі.Ал осындағы "дындан" сөзі-ұйғыр тілінен аударғанда "пілдің сүйегі"деген мағынаны білдіреді екен.Демек,арудың пілдің сүйегінен жасалған тарақты пайдаланғандығы туралы қорытынды жасай аламыз.Бүгінгі күнде бұл "дынданнан жасалған тарақтың" орнына кәдімгі ағаштан жасалған тарақты пайдалансақ болады.Осы арқылы шашымыздың түбіне зақым келтірмейміз.Шашты тарған кезде ескертетін бір нәрсе-шашты тарар алдында екіге бөліп,ең бірінші ұштарын жақсылап тарау қажет.
N2.Маскалар-ұзын,қою шаштың кепілі.Ғаламтор бетін парақтасақ шаш күтіміне арналған көптеген маскаларды таба аламыз.Бірақ қайсысының күтілгендей нәтиже беретінін біле бермейміз.Өзімнің шашым ұзын болғандықтан, шаш күтіміне мен де үлкен мән беремін.Өзім қолданатын маска-"қыша маскасы".Иә, иә, қарапайым қыша!Таңғалуларыңыз мүмкін,алайда қыша-тағам ретінде өте жағымсыз иісті,ащы болғанымен,шашқа пайдасы мол."Қыша маскасының" құрамы: 2 ас қасық құрғақ қыша,2 ас қасық ыстық су,1 жұмыртқаның сарысы,2 ас қасық зәйтүн майы және 2 шәй қасық қант.Барлығын араластырып бүкіл шашқа жағамыз.Масканы 15 күнде 1 рет жасау керек.(Өз басым бір айдан кейін нәтижесін көрдім,бірақ қышаға аллергияңыз болса,жасауға болмайды)
N3.Шипамай-шаштың ұштарын қалпына келтіреді.Шашыңызды жуып болған соң міндетті түрде шипамай(бальзам) пайдаланыңыз.Бірақ шипамайды бүкіл шашқа жағуға болмайды,өйткені ол-шаштың түбін майландырып жібереді.
N4.Сулы шашты әр түрлі(түймедақ,қалақай) өсімдіктерінің тұнбасымен шаю керек.Сонымен қатар, сусабыныңызға "мумие" дәрісін араластырып жууға болады.(250гр сусабынға мумие дәрісінің 10 данасын суға үгітіп,араластырасыз.Бұл да бірден нәтижесін беретін,мен қолданатын әдіс болып табылады)
N5.Шашқа арналған үтік,кептігіштерді сирек қолдануға тырысыңыз.Өз басым шаш кептіргіштерді қолданбаймын,себебі шашыңыз ұштанып,әлсіреп аяғында сыпырғыға айналып та кетуі ғажап емес.
Мінеки,ұзын шаштың бар құпиясы-осы ғана.Қарапайым 5 ережені сақтап, шамалы уақыттың ішінде шашыңыз Қыз Жібектің шашындай көзді орауға жетпесе де,мақтанышыңызға айналары сөзсіз!