Шашымыз тура сіздікіндей...

 1 тамыз, бұл күн- біздің отбасымыз үшін өте ерекше күн. Себебі, апамыздың туған күні! Апам алпыстың асуын асып, жетпістің желкенін қайырып, сексеннің сеңгіріне шығыпты. Мүмкін,бұл жазбамды апам оқи алмас, дегенмен қуанышымды көпшілікпен бөлісуді шештім.

Менің білуімше бүгін сізге бәрі зор денсаулық, ашық аспан, ұзақ өмір, бақыт тіледі. Ал мен сізге бір- ақ нәрсе тілеймін. 80 жасқа келген тойыңызды балаларыңыз жасап жатыр ғой, 100 жасқа келген тойыңызды немере- шөберелеріңіз жасап берсін. Аман болыңызшы! Қашан барсаң да күлімдеп қарсы алып, барын алдымызға тосатын сіздей жан- Әлемде жоқ шығар. Өзіңізге батып айтпасақта біз сізді жақсы көреміз!

Айтпақшы, біз сізге тартқанымызды білесіз бе? Иә, сырт- келбетіміз ұқсамаса да, шашымыз тура сіздікіндей. Кейде туыстарымыз шаштары кімге тартып кеткен, бұйра-бұйра боп дегенде- Нағашы апамның шашы сондай, Апамызға тартқанбыз деп бұртиямыз... Болашақта да сіз секілді керемет жан болсақ екен!

Апатай туған күніңізбен! Әрқашан күліп жүріңізші!

P.S. Кеш шыққаны үшін кешірім сұраймын)))



Бөлісу: