ШАШУБАЙ ШАЙМЕРДЕН
блог
АҚБЕТТАУДЫҢ ҚАЙЫҢЫ
Ақбеттаудың қайыңы-ай, аппақ екен,
Келген жанға сылдырап жаққан екен.
Сәнқойлығын қарашы бір басына,
Сырғаның екі түрін таққан екен.
Сені өлеңге қосыпты көнелерде,
Пана қылып ақжауын себелерде.
Саяңа кеп тынығып, ат суарған,
Ер Жасыбай жорыққа жөнелерде.
Солтүстік жарты шарға атың шықты,
Ағаштардың ішінде затың мықты.
Көлеңкеңді сағалап, сырын айтып,
Сүйеніп, талай ару жасын сықты.
Қара қайың, өседі қызыл қайың,
Сары қайың, сенбесең қоңыр қайың.
Қырық түрі болсада дүниеде,
Жетпейді саған бірі, Ақбет қайың!
14.08.1983 жыл.