Шашқа арналған маскалар (сырамен жасаймыз)

Шашқа арналған маскалар (сырамен жасаймыз)
жеке
блог

Сыра алкогольді сусын болғанымен, оның шашқа берер пайдасы көп. Себебі, оның құрамында В1, В2, РР витаминдері бар. Сонымен қатар, сыра — темір, магний, фосфорға да бай. Сол себепті, сіздерге үйде жасауға болатын, ең қарапайым әрі пайдалы маскаларды ұсынамын:

1. Шаштың тез өсуіне арналған маска: Таза және дымқыл шашқа жылы сыраны уқалап отырып жағыңыз. 10 — 15 минут күтіп, шайып тастасаңыз шашыңыз жылтырап, жұмсара түседі.

2. Құрғақ шашқа арналған маска: 0,5 литр сыраға жұмыртқаның сарысын қосып араластырыңыз. Көпірген кезде шашқа жағып, 30 минут ұстайсыз.

3. Қайызғақты кетіретін маска: Ыдысқа үлкен қасықпен 2 қасық қос жарнақты қалақайды саласыз, 1 жапырақ шалфейді қосып, 500 мл қайнаған сыраны құйып, 1 сағатқа қалдырасыз. Осыны күнде жатарда шашыңыздың түбіне жағып жүресіз.

4. Сезімтал шашқа арналған нығайтатын маска: жарты бөлке бородиналық нанға 1 стақан сыраны құйып, бірер минутқа қалдырыңыз. Сыра нанға сіңгеннен кейін, жұмыртқаның сарысын және балды қосып араластырыңыз. Шашыңызға жағып, 15 – 20 минут ұстаңыз да, жуып тастаңыз.

Бұл маскаларды үнемі жасап тұрсаңыз, шашыңыз жұмсарып, жылтырайды. Сонымен қатар, шашыңыздың түсуі тоқтайды. Кем дегенде, аптасына 1 рет жасап тұрыңыз.

 P.S. Ең бірінші масканы жасап көрдім, шынында да көмектеседі екен! Сонымен қатар, "шашым ұштанып кетті" десеңіздер, менің Керек Инфодағы  - «Таудың көркі - тас, қыздың көркі - шаш» атты постымды оқыңыздар!