Бүгінгі таңда қыздардың көпшілігі шаш күтімі жайында көп ойланады. Сөйтіп интернеттегі сайттардан сол жайлы ақпарат іздестіре бастайды. Алайда барлық сайттарға сене берудің де қажеті жоқ екендігін ескере бермейді. Көптеген маскаларды үйде істеуге болады екен деп әр нәрсеге қызығып кейін артық қыламын деп жүріп тыртық қылып жатады. Әрине бұл білместікпен істелінетін дүние. Сондықтан бар айтарым қыздар барынша абай болыңыздар. Ал шаштарыңыз әсем болғанын, жеңіл әрі жылтырап тұрғанын қаласаңыздар мынадай нәрселерді істеуге шақырамын. Бұларды өзім істеп көргендіктен ғана сіздерге ұсынып отырмын.
Шашыңызды жумай тұрып, оны жылы сумен ылғалдандырыңыз одан соң керекті мөлшерде сусабынды бас терісіне уқалап жағыңыз. Назар аударыңыз су тым ыстық немесе суық болмауы керек орташа температураны белгілеңіз және сусабынды көп мөлшерде жағудың қажеті жоқ ол шашқа зиянын тигізбесе пайда әкелмейді. Керісінше шашты құрғақ және сынғыш қылады.
Міндетті түрде шаш жуып болған соң кондиционер немесе бальзам жағыңыз. Оны бас терісіне емес шашыңыздың ұштарына ғана жағыңыз, сонда ғана шаш жеңіл әрі көлемді болары анық.
Шаш кептіретін болсаңыз фенді жиі қолданбаңыз. Ал егер қолданып жатсаңыз төменгі температурада ғана шаш кептіріңіз және бір жерде ұзақ уақыт фенді ұстап тұрмаңыз шашыңыз күйіп одан түк қалмауы мүмкін(өз басымнан өткен).
Шашыма жақында мынадай маска жаққан едім. Ол шашқа күш береді екен. Құрамы мынадай заттардан тұрады:
1 Жұмыртқа
4 ас қасық айран(мен 3,2% майлылығы бар айранды қостым)
2 ас қасық майонез
1 ас қасық кастор майы
барлығын араластырып шашқа жағып 15 минут ұстап кейін әдеттегідей сусабынмен жуып тастаңыз.
Бұл масканы шашқа жиі жағуға болмайды.
Пайдаларыңызға асар деген үміттемін! Егер қолдансаңыздар пікірлеріңізді қалдырыңыздар!