Шарым тағы қисық кетті көздеген

Иә жұма күні әдеттегідей  аптаның соңғы жұмыс күні болғасын тыпыршып, уақытқа қайта-қайта қарап, орнында отыра алмайсын. Жұмыс уақытының бітуіне міне, үш міне, енді 1 сағат қалды деп маңдайымның терін бір сүртіп,уақыт санап отырдым,  5 ке таман офисты жабып үйге қарай зырғыдым. Сағына күтетін демалысым, яғни, сол жексенбім де келіп қалды. Иә ауыр аптадан кейін бой сергіту де артық етпейді ғой, іздегенге табылған дегендей құрбым да  алып ұшып маған жатақханаға бас сұқты.  Жалыққаның налығаның айтып отырды Нүргүл. Көптеген көріспеген едік, шүйір-шүйір әнгіме, өткен кеткенді айтып, бүгінге жоспар құра бастадық. Кеттік деп орына секіре тұрып, өзінің боулинг ойнауға барғысы келетінің айтты. Менде бірауыздан қостай кеттім, сонымен кеш батты екеуден екеуіміз шығып алып, боулинг ойнауға тарттық. Қызығын-ай..Баруын барып алып, орынымызға жайғасып отырып алғасын, ауызымызды ашып жұрттың қалай ойнайтының қадағалаумен болдық. "Білмесек те ұқсап бағу ғой сондағы ойымыз" Нүргүлді жібердім бар бастасай енді ойынды деп, ол бір лақтырғаннан страйк ұрамаса да жақсы ойын көрсетті. Сол ақыры бұл ойын маған жақпай қойды, анау шардың ауырын - ай, бар маникюрімді құртты, қолдан қол қалған жоқ. Бірақ, үйреніп алдым, азарт ойын екен, бірде бір таяқшасын құлатпасан кәдімгідей қып қызыл болып, ызаланады екенсін...



Бөлісу: