Шаршау
блог
Күнделікті күйбең тіршіліктің таухыметі. Қаланың у - шуы, жұмыстағы инвалидтердің қарғысы күніге үйреншікті нәрсе секілді. Физикалық тұрғыда шаршап үйге келесің, атмосфераға қарайсың,бұлтсыз жайма шуақ болса көңілің көтеріліп үйде болғанға асығасың, күн сәулесі сәл бұлттанғанын көрсең көше кезіп оңашалықты аңсайсың, немесе сүйген жаныңды іздейсің. Жүресің уақыт өлтіресің, үйге келесің. Ноудбукты қосып ғаламторды ақтарасың. Міне күнделікті өтіп жатқан өмір, сырғып жатқан секундтар. Мен қазыр физикалық па жоқ рухани ма түсініксіз бір күйде жүрмін. Ұйқы құрғыр ойына келген ойынымен ойнап бірде қысады, бірде жоламай ұшады. Осындай күйде жүргенде аз-маз әріптердің басын құрап өлеңге жинақтаушы едім, шабыт шекпеніне оранып ұйқыдан тұра алмай жатыр.
Бүгін күнделікті өмір арпалысымен келіп, сырлы өмірі сыр түсі тола төсегіме құлап, рахаттана ұйықтаймынба деп едім, түнгі 3-3:30 шамасында күмбірлеген адам даусы оятып жіберді. Құрғыр телефон. Үйдегі бойдақ інімнің ангімесі бұзді.
Ұйқыны жалғастыруға болар еді, болмады. Орнымнан тұрып ас бөлмесіне барып, таңғы тәбетіммен сырласып, ауру ғаламторға қосылдым. Қызығы жоқ. Көлікті ерттеп көшеге шықтым. 2шақырым жүрдім ба, жүрмедім ба, ешегін ерттеп, алдына отар қойын салып алған қойшыдай (шөлмекті ойып, араққа тойып алған) жап-жас қазақтың қыздары, тойлатып болса керек, көлік тоқтатып тұр екен. Таңғы 5-те есі дұрыс таксидің өзі ұйқыда жатады ғой, көлік жоқ. Дала шамамен 15-17 градус аяз. Ана қарындастардың кигені +15-17 градус ыстықта киетін киім. Қарның ашады ма ашпайды ма? Қазақтың қызының алкагольмен не достығы бар? Жүрегің аурады. Анау киген, минилары бойын суық алмайды ма? Ол қыз ертең қалай ана болады? "Қызды қырық үйден тыю"- деген ата бабаларымыздың өсиеті, мән мағынасы бар сөздерін кім ойлайды? Әй кетіңдерші. Ақшаның артынан кеттіп, ата-ана деген атыңа нағылет айттым. Көмейге тығылған жастың, ауырған бастың, зіл қара тастың астында кеттім. Салым суға салынып үйге кеттім. 2 курста өзім шығарған ережені (экономика теория пәнінен (ақшаның ережесін қырсығып айтпай жазғы семестрге құлағанмын) қайтадан (Ақша-адамды Алладан айыратын құрал) айттым. Ақшаның артынан кетпей ұрпақ тынысын қарайық ағайын. Ағаларда үміт жоқ (арамзалар олар) бәрі бәздің қолымызда.