ШАРШАДЫМ
блог
Шаршадым
Сары ала тон жамылған сары күзден
Қылдай нәзік үміттің бәрін үзгем.
Тағдыр тағы тарту етіп қайғыны,
Айырды-ау сауықтан да, әнімізден.
шаршадым
шаршадым,сағындым сағым күнді
көре алмаймын ертеңге бүгінгі таңымды үлгі.
ақтарып ақ көңіл жанымның сырларын,
көп айтып жүрмін-ау "сағындым"-ды.
Шаршадым,
Шаршатты шындықсыз бұл қоғам,
Ақиқат алыстан қолдарын бұлғаған.
Жалғандық жақын кеп жаныма
Сыйлаған сый беріп, гүл маған.
Шаршадым,
Шаршадым,шаршадым расында,
Деген ед:"өзендей тасын да,
Қаймық па, қарсы тұр жасынға"
Досымның бұл сөзі бос қалып
айналмай тұр қазір асылға.
Шаршадым,
Шаршаған жапырақ жүрегім.
Сарғайып,қурады гүл егін,
Көңілдің құлазып құрағы,
Жоғалтын алған-ау тірегін.
Шаршадым,
Досым-ау,шаршадым, не етейін,
Алысқа, тым шетке кетейін,
Өзгерер деген ой жоқ сірә,
Бар болса санам да тапшы да.
Шаршадым,
Көңілге керек-ау демалыс,
Қажетсіз арнама кері ағыс.
Өткенге оралу не керек
Керек тек демалыс, демалыс......ДЕМАЛЫС