Тәңірдің бұл да бір сынағы,
Адамдар көп екен қырағы.
Құмарға берілген кей жандар,
Өкініп-өкіріп жылады.
Бір тастап, екеуін аламын,
Ұтып-ап қалтаға саламын.
Ешкімнің мынадай ойы жоқ,
Ойнасам ұтылып қаламын.
Мың берсе жарайды, ал келіп
Он мыңдап жатқандар бар беріп.
Түсінбеймін сол жанның ақшасы,
Тұрғандай қалтаға тар келіп.
Қазірде қасқырлар каптап жүр,
Оларға жемтік те аз емес.
Біреулер иттерін баптап жүр,
Бірақта, ешбірі тазы емес.
Бауырлар сендерге айтарым,
Құмарға жолама, аулақ жүр.
Түлкі де, қасқыр да сайтаның,
Олжа іздеп, сенделіп, қаулап жүр.