Шарбұлақ ауылындағы белгісіз нысан
блог
Интернет ақтарып үйренген біз үшін www.google.com-ның картасы өте қызықты. Еліміздің картасын толықтыруды хобби еткелі біраз болды. Түрлі нысандарды, ақпараттарды енгізуге асығамыз. Қазақ жері көлемін карта арқылы шарлап жүріп талай қызықты нәрселерге тап боламыз. Соның бірі мінекей, назарларыңызда.
Спутниктен түсірілген картада Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылының жоғарғы жағындағы, Тұрбатқа қарай асатын жолдың үстінде орналасқан мына бір жұмбақ нысан еріксіз назарыңды аударады. Бұл қандай нысан болды екен? Ат шаптырымдай үлкен аумақты қамтитын диаметрі 60-80 метр шамасындай шеңбер мен оның ішінде орналасқан 6 кіші шеңберлер мен тіктөртбұрышты құрылыс іздерінің көрінісі тіпті қызықты.
Ауыл үсті мен айналасы толық көрінетін дөң басына орналасқан бұл нысан аса маңызды жерге орналасқаны көрініп-ақ тұр. Маңыздылығын санамалап шықсақ:
1. Өзен арнасы жақын маңда;
2. Айнала толық бақылауға ыңғайлы;
3. Жаяу адамның дөң басына жылдам шыға алуы да қиындау.
Осы аталған ерекшеліктерді ескере отырып, бұл нысан шамасы қайбір соғыс жылдары әскери лагер болмады ма екен деген ойға қаласың. Оның жөні де жоқ емес. Ұлы Жібек жолының ірі тармағы өткен бұл атырапта әскери қақтығыстардың жиі болып тұрғаны белгілі. Ал мынадай стратегиялық маңызы бар орынға әскери лагерді орналастыру өте тиімді-ақ. Шамасы солай шығар...
Ал сіз қалай ойлайсыз?
google картасындағы сілтемесі мынау: maps