Бір секундқа да қалғытпайтын фильмдерді жақсы көремін. Егер ұйықтап кетіп, кез келген жерден оянып, не болғанын түсіне беретін болсаң – кино емес. Ал әр секунды ажырамас бөлік болса – кино.
Кезінде тап-тамаша фильмді «Келін» деп атағаны үшін Ермек Тұрсыновты жек көріп едім. Оның режиссурасы мықты. Ұлтжандылық жетпейді. Ал «Шал» үшін алғыс айтамын. Бір-ақ сөз «Гармония»!
Ұнады:
Қасқыр (Құртқа) Ерболат Тоғұзақов (Шал) Сценарий (мәтін) Операторлық жұмыс Музыка Футболист қойлар«Тырнақ астынан тапқан кір»
Шайтанбек: Даланы тұман бастыИісбек (ЖАБЫҚ ТҰРҒАН ТЕРЕЗЕГЕ ҚАРАП): Еее ...
Шайтанбектің даусы жүйкемді жұқартты Қай ауылда телевидениеге жарнама беріп, іздеу салу бар? (Дикторына қарағанда 80-жылдардағы телевидение) «Хамер» ішіндегілер қалай апатқа ұшырағаны мүлде түсініксіз Із кесе алмайтын неғылған ТЖМ??? Орликтен бас, жүген, құйрықтан өзге ештеңе қалдырмаған қасқырлар қойды шала-пұла жеген... Шайтанбек сайға түсіп, шалды сүйретіп, атқа отырғызып, қырға шыққанша ТМЖ-ң асығып кетіп бара жатқан көліктері әлі сол жерде кетіп бара жатты. Қасқырдың бөлтірігі КӨКТЕМДЕ дүниеге келеді, ЖАЗДА бауырын көтеріп жүреді.
P.S: "Жаужүрек мың баладан" мықты.