"Шал". Қазақ киносы өсті.
жеке
блог
блог
Бір секундқа да қалғытпайтын фильмдерді жақсы көремін. Егер ұйықтап кетіп, кез келген жерден оянып, не болғанын түсіне беретін болсаң – кино емес. Ал әр секунды ажырамас бөлік болса – кино.
Кезінде тап-тамаша фильмді «Келін» деп атағаны үшін Ермек Тұрсыновты жек көріп едім. Оның режиссурасы мықты. Ұлтжандылық жетпейді. Ал «Шал» үшін алғыс айтамын. Бір-ақ сөз «Гармония»!
Ұнады:
- Қасқыр (Құртқа)
- Ерболат Тоғұзақов (Шал)
- Сценарий (мәтін)
- Операторлық жұмыс
- Музыка
- Футболист қойлар
«Тырнақ астынан тапқан кір»
- Шайтанбек: Даланы тұман басты
Иісбек (ЖАБЫҚ ТҰРҒАН ТЕРЕЗЕГЕ ҚАРАП): Еее ...
- Шайтанбектің даусы жүйкемді жұқартты
- Қай ауылда телевидениеге жарнама беріп, іздеу салу бар? (Дикторына қарағанда 80-жылдардағы телевидение)
- «Хамер» ішіндегілер қалай апатқа ұшырағаны мүлде түсініксіз
- Із кесе алмайтын неғылған ТЖМ???
- Орликтен бас, жүген, құйрықтан өзге ештеңе қалдырмаған қасқырлар қойды шала-пұла жеген...
- Шайтанбек сайға түсіп, шалды сүйретіп, атқа отырғызып, қырға шыққанша ТМЖ-ң асығып кетіп бара жатқан көліктері әлі сол жерде кетіп бара жатты.
- Қасқырдың бөлтірігі КӨКТЕМДЕ дүниеге келеді, ЖАЗДА бауырын көтеріп жүреді.
P.S: "Жаужүрек мың баладан" мықты.