Шақырымдар...

Шақырымдар...
жеке
блог

Түнді ұйықтатып, көз ілем таңда ақырын,
Бермеген соң сағыныш жанға тыным.
Бақытымның ақ құсы өзіңді іздеп,
Көшелерін кезеді Алматының.

Күтіп жүрмін.Жоқ,күнім,басқа амалым,
Қайтадан сол сезімнің бастап әнін.
Біздің күйді ұққандай бүгін,сірә,
Жылап жатыр жаңбыры Астананың.

Жадымда бірге жүрген кезім қалмақ,
Ұстай алмай келемін сезімді аулақ.
Саған деген баяғы сағынышпен,
Күнде,жаным,қоямын өзімді алдап.

Төзімімді тауысып, үздігем мен,
Махаббатым-шашындай қыздың өрген.
Қатал ма еді сонша ма, құрғыр мына-
Астана мен Алматы бізді бөлген...

Ойымыздан жоғалған жат ырымдар,
Тыңдайтынмын кезінде ақылыды әр.
...Біздегі махаббатқа мола салды,
Қос қала, ұзақ жол мен шақырымдар.

Арман болып қап кеттің алыс тұрар,
Екеумізге от қайғы жабысты дәл.
Осы екі шаһардан үміт үздім,
...Мүмкін бізді Шымқала табыстырар?!

 

авторы: Жандарбек ЖҰМАН

http://vk.com/zh.zhuman