Шакх Рукх Кханның үздік фильмдері

Шакх Рукх Кханның үздік фильмдері
жеке
блог

1."Влюбленные" фильмі. Басты рөлдерде Шакх Рукх Кхан,Каджол,Варун және Крити.Шакх көп нәрсеге қолы жеткен ер азамат. Оның жағдайы жақсы,үйі зәулім әрі ата - анасымен де қарым - қатынасы ойдағыдай.Алайда,маза бермейтін бар-ақ нәрсе бар. Ол 15 жыл бұрын сүйгенінен айрылады. Осы уақыт арасында күн,ай, жыл санаумен болады. Ондағы үміт ғашығын қайтадан кезіктіру. Ол сүйгенінің отбасы құрмағанына сенімді сол себепті ол да ешкіммен бас қоспайды. Шакхтың інісі және Каджолдың сіңілісі болады. Екеуі бір-бірін ұнатып қалады.Бірақ,үлкендердің арасында махаббат болғанынан бейхабар. Соңында Варун мен Крити үйленіп, Шакх Рукх пен Каджол да көңіл жарастырады.

2."Непохищенная невеста" фильмі. Басты рөлдерде Шакх Рукх Кхан мен Каджол.Шакх  дәулетті отбасынан шыққан көңілді жігіт. Ал Каджол қарапайым отбасында тәрбиеленеді. Екеуі де сол жылы оқуды аяқтап достарымен Европаға демалысқа барғанды жөн көреді. Алайда, Каджол келгеннен кейін бейтаныс адамға әкесінің қалауымен тұрмысқа шығуға мәжбүр болады. Шакх пен Каджол демалыста танысып, сезімге ерік береді. Демалыстан кейін екеуінің жолы екіге айырылады. Бірақ, Шакхтың батылдығының арқасында түрлі қиыншылықтардан кейін Каджолды ата-анасының батасын алып,өзімен бірге ерітіп кетеді.

3."Все в жизни бывает" фильмі. Басты рөлдерде Шакх Рукх Кхан , Каджол және Рани.Шакх пен Каджол айырылмас достар. Олардың достығына бәрі тамсана да таңдана қарайды. Шакх оқу орнына жаңадан келген Раниге ғашық болады. Ал сол сәтте Каджол Шакхты ұнатады.Бірақ, досының сезімінен хабардар ол , өз сезімін білдіре алмайды. Каджол оған шыдамай небір сылтаулармен ауылына кетеді. Бірнеше жылдардан кейін екеуінің бас қосқанын біледі. Ол бір жігітке атастырылып қояды.Алайда, оның жүрегіндегі есім әлі де жаңғырып тұр. Каджол балаларға би үйретуге лагерге барады.Дәл сол жерге Щакх пен Ранидың қызыда бет алады. Каджол оның Шакхтың  өзімен аттас қызы екенін және Ранидің қайтыс болғанын біледі. Шакхтың қызы екеуін қосу мақсатында түрлі амалдар жасайды. Сөйтіп,Каджолдың тойында ол атастырылып қойған жігітіне емес, Шакхқа тұрмысқа шығады.

4."Меня зовут Кхан"фильмі. Басты рөлдерде Шакх Рукх Кхан және Каджол. Бұл Фильм мұсылмандар жөнінде. Аспергер сырқатымен ауыратын Кхан  штаттарды аралайды. Ол шаштаразда қызмет ететін Каджолды ұнатып қалады. Олар үйленіп бақытты өмір кешіп жатырғанда келеңсіздік белең алады.Сол мезетте мұсылмандарды террарист деп танып , мұсылмандарға күн көрсетпейді. Кхан мұсылман болғанымен әйелі олай емес. Осының салдарынан олардың ұлдары қаза табады. Оның өліміне Каджол Кханды кінәләйді. Ол өзінің кінәсіз  екендігін дәлелдеу мақсатында президентпен кездесудің жолын іздейді. Кхан көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп Президентпен кездесіп өзінің Мұсылман екенін және террарист емес екендігін айтып ел басының қолын алады.Осы уақытқа дейін жасаған жақсылықтарымен ел мақтанады.