Бостандық маxабатты жырлап туған ,
Ақ ниет , адал жүрек ғылым қуған .
Қайырымсыз , қанды қол қос қылсада,
Оқырманның қолында асыл мұраң .
Өткіздің өміріңді елің үшін ,
Жұртыңа сөзден өлең жасап пішін .
Физулидің Ләйлі-Мәжнүн ғашық жырын,
Қазақтың даласына алып ұштың.
Фәнидег ғылым қуған сен бір ғашық ,
Халқыма жеткізсем деп болдың асық .
Арманда өттің асылым , уа дариға ,
Ел мен жерді аңсаған нағыз ғашық.
Сөз патшасы Шәкәрім ,жүзің нұрлы,
Бітпес мұра қалдырдың алуан түрлі .
Ғибрат алып өтемін жырларыңнан ,
Данышпандық , ақыл ғибрат , сізде сырлы.
Автор: ҚазҰУ студенті , журналистика факультеті 2 курс Молдажан Қарашаш