Шәкәрім Құдайбердіұлы
блог
Ол-Шәкәрім!
Мен бүгін теледидар көп қарадым,
Өзіме керектіні әрең таптым.
«Ел арнада» – «ХХІ ғасыр көшбасшысы»-
Тоқталып осы арнаға назар салдым.
Мерекелік көрсетілім болса керек,
Жиылыпты өңшең әнші,әртіс сымақ.
Білімдісі арасында бар ма зерек?
Жүргізуші сауал беріп алмақ сынап.
Сан түрлі сұрақ кетті басталып,
Әртістер құтыла алмас ән салып.
Жауап іздеп ақылдарын саралайды,
Бірін шын ,бірін болжап шамалайды.
Түймелерді кезек басып алдындағы
Сауалдарын өздері таңдап жатты,
Ретіменен ойыншылар ортадағы.
Қобызшы қыз таңдады бейне сұрақ:
-«Келбетін тану екен» экрандағы
Қарияның- ақ сақал, тақиялы.
Портретке қобызшы қыз телміреді,
-«Бахавист» па мынауың,- деп күледі,
Езу жиып,алақтайды жан-жағына
Күлмеген соң қосылып төңірегі.
Басын шайқап, секеңдеген қобызшы қыз
Танымады, таттанған көкірегі.
Шыдамы бітіп, бір жігіт тұрған қасында,
Қолындағы түймені тез басты да:
-Шәкәрім ғой бұл ,Шәкәрім!- деді асыға
Қошеметпен жас жігітке қол соға
Бүкіл зал, мен де соқтым қосыла.
Мен де соқтым- Шәкәрімге бас ұра
Шәкәрімнің асыл бейнесі-
Ұмытылмас,
Сан мың ғасырға!