Шәкәрім философиясы

XX ғасырда қазақ философиясы репрессияға ұшыраған, не қудалаған зиялы қауымның іс- əрекеттерімен байланыcты. Жаңа қоғамдық қатынастар негізінде (қоғамдық қатынастарды жасайтын адам) ұлттық философияны дамытқан, «Үш анық» еңбегі арқылы синтетикалық ой-тұжырым жасаған Шəкəрім Құдайбердиев. Шəкəрім Құдайбердиев — қазақтың ұлы данышпан ойшылы. Оның дүниетанымында көбіне мораль философиясымен мəдениет ілімін қамтыды. Шəкəрім дүниетанымында Тəңір, Нұр, Күн, Табиғат — ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар. Оның дүниетанымы мораль философиясына жақын.

Еңбекке шыда ебін тап,

Сабырдың түбі сары алтын.

Өзімшіл болма, көпті сыйла.

Адамның бəрі өз халқың.

 
Адамзатқа өзара бірін-бірі қор қылмауға шақырады. Адамзатқа ортақ негізде өмір сүруге үндейді. Əрбір адам адамзатқа ортақ мүддені қорғауға, адам деген ұлы ұғымды қор етпеуге шақырды. Ар-ұят мəселесін бірінші орынға қойды. Егер адам өзіне сай адамгершілігін адамшылығын жоғалтса, оның өлгенімен бірдей. Бар жазадан ар-ұят жазасы ауыр. Қараңғы елді надандықтан құтқарудың басты жолы адамгершілік пен өнер, білім жолы деп біледі. Өнер білімге сүйене отырып, адамгершілік мақсаттарды туралы көзқарастарды көтереді. Ойшылдың өлеңдері, шығармалары терең даналыққа толы. Осындай шығармаларының бірі «Үш анық». Бұл Шəкəрімнің терең даналыққа  толы шығармасы еді. Шəкəрімнің дүниетанымындағы өзекті мəселе — ар-ұят мəселесі. Əрбір адам дүниеге келгеннен соң мақсаты дос көбейтіп, өзгелермен адамгершілік, ар-ұятты сақтамақ. Өйткені өмір бірқалыпты тұрмайды, ол аумалы-төкпелі. Қазақ дүниетанымында жақсылық пен жамандық категорияларының алатын орны зор. Себебі жамандық жасаған адамның өзіне, жақсылық жаса, сонда оны жеңесің, жақсылық жасасаң, жарқырап ашылып, толарсың. Ар — үлкен, ұлы ұғым. Ар — адамның өмір сүруінің бірден-бір кепілі. Ұят сезімі ардан келіп шығады. Ары жоқ адамда ұят болмайды. Осы ар-ұят мəселесі Шəкəрім дүниетанымында ерекше орын алады.

Сабыр-сақтық ой толып болмаған жан,

Анық төмен болмай ма хайуаннан,

Ынсап, мейірім, ар-ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан, —

деп жырлайды.

Əрине, адам қарны ашса, өмір сүруі мүмкін, қаны бұзылып, ар-ұятын сатса, саналы адамның өмір сүруі мүмкін емес. Қазақта осыған орай жоғарыда айтылған «Өлімнен ұят күшті» деп таныған. Егер ар-ұятты аяққа бассаң, өлгенмен бірдейсің. Сондықтан қазақ дүниетанымында ар-ұят мəселесіне байланысты тірі жүріп, арамдықпен бал жалағанша, адамгершіліктің уын ішіп өлген артық деген идеяға сəйкес өмір сүруге шақырады. Шəкəрім Құдайбедіұлының ең негізгі философиялық шығармасы — «Үш анық». Шəкəрім дүние ешқандай кездейсоқсыз белгілі  бір заңдылықты дамуының негізінде құдайдың, жаратушы, жаратқанды — бірінші анық деп таныған.

Жанның ажалсыздығы, аса маңыздылығы — Шəкəрім философиясындағы екінші анық. Егер дүние мақсаты жарымсақтылы дамып жетілсе, адамның жаны мəдениетті жасауда ең негізгі роль атқарса, оған енді азық керек, ол ұждан. Ұждан — бұл Шəкəрім философиясындағы үшінші анық. Ол əділет, мейірім, ынсап. Шəкəрімнің философиялық толғаулары адамды даналыққа бастайды, адамды үнемі орынды харекет етуге шақырады. Шəкəрімнің философиялық ойлары адамдардың өз болмысына үңілуге шақырады. Бұл өте ауыр жол, қиын. Бұл жеке адамның тұлғаның ғана қолынан келе береді. Сондықтан көп адам осыдан қашады. Қашу арқылы біз мүмкіндігімізден айырыламыз.

 
Егер адамдар өз болмысына үңіліп, соған сай əрекет етсе, дүниеде адам деген атқа лайықты орын тебеді. Сондай-ақ қазақ даналығының дамуына өзіндік үлесін қосқан ойшыл адам бойындағы тал бесіктен жер бесікке дейінгі барлық мəселелерді көтере отырып, адамзатқа ортақ мəселелерді көтерген. Адамзат өмірінде Шəкəрім Құдайбердиевтің дүниетанымының ерекше даналыққа толы, даналық екені анық. Оның тереңіне бойлаған сайын біз оны əр түрлі қырларымен көреміз. Оған зерттеулер жүргізілген сайын біз даналыққа шомыламыз. Сондықтан Шəкəрім дүниетанымы адамзатқа ортақ құндылық.

1-курс магистранты

Байбосынова Мадина

Профессор, доцент

Жанатаев Данат Жанатайұлы



Бөлісу: