Шабытым қашан келесің?

Шабыт барда,жыр туады жүректен,

Асып тасқан жырларымды біліп пең?!

Кей шақтарда шабыт қашан келер деп,

Күтуші едім мен өзіңді үмітпен.

 

Келесің-ау,мен толғанған шақтарда,

Сағым құсап,елестедің бақтар да.

Жан шабытым бір өзіңмен өрістеп,

Көп жырларды жазар едім ақ таңда.

 

Жырларым бар,шаш бұрымдай өрілген,

Әндерім бар,бір арнаға төгілген.

Ей,шабытым,сен келгенде болмаса,

Бүршік жарып,гүлдеуші едім шын гүлден.

 

Бозторғайдай шырылдаппын ақ таңда,

Мен өзімнің сырларымды ашам да.

Ақ сандығым жырға толы,шабытым,

Сол жырымды ақ параққа жазам да.

 

Ақ параққа түсіремін жырымды,

Сен арқылы жайып салам сырымды.

Ал,шабытым,маған шабыт бергейсің,

Көрсетейін мен өзімнің қырымды.

 

Асыл шабыт,танылар ма айбыным,

Өлеңдерім бастау алар байлығым.

Сен арқылы өмір кешіп ақындар,

Шабыт барда көрсетеді байлығын.

 

Жырлар жаздым,шабытым-ау өзіңмен

Сен келгенде саған қарай берілгем.

Ұйқастырдың өлеңімді беу,шабыт!

Бір өзіңмен сырласамын пейілмен.

 

Ей,шабытым!Оттай болып алаула,

Маған серік,сезім едің балауса.

Қуанышты,мұңды,нұрлы жүзіммен,

Бір сенімен табысамын қалайда.



Бөлісу: