Шабдалының емдік қасиеттері

Жаздыкүні тұтынатын кәдімгі шабдалының емдік қасиеттерін көпшілігіміз біле бермейміз. Ендеше шабдалының емдік қасиеттері туралы оқи отырыңыздар.

Парадонтоз 

Шабдалының қабығын салқын жайда кептіріп, майдалап түйіп, соның бір ас қасығын жарты литр суға салып, 15 минут қайнатады. Суымай тұрғанда үстіне үлкендігі жүгерінің дәніндей ашудас салып, араластырып парадонтоз ауруына ұшыраған адам жиі-жиі аузын шайса, қызыл еттен аққан қанды тыйып, сыздағанын басып, босаған тістерді бекітеді. Ауыздан шыққан күлімсі иісті кетіреді.

Ал баспамен ауырған адам осы сумен тамағын шайып отырса, тез жазылады.

Қазіргі медицинадағы: остр.катаральный, фоликулярный, гангренозный танзолит, фарингит, стоматит, яз. стоматит, глоссалгия деп аталатын ауру түрлерінің бәріне ем бола алады.

Құлақ аурулары

Жас жапырағының сөлін құлаққа тамызса, құлақ құртын кетіріп, суықтан шаншып ауырғанын басады. Жапырақты жаншып, оны жараның аузына жапсырса, тез жазылады.

Тері ауруларына

Енді сол жапырақты көлеңкелі жерде кептіріп ұнтақтап, сол ұнтақтың 100 грамын жарты литр суға салып, шай тәрізді демдеп сонымен суланған теміреткі, қышыма қотырды ауық-ауық сүртіп жүрсе, тез жазылады.

P.S. Міне құрметті оқырман, біз пайдаланып жүрген шабдалының емдік қасиеттері осындай екен.



Бөлісу: