Шә-пә-тәх
блог
Бүгін сезім де, сезік те ыңғайына түспей тұр. Денем алғаш рет бос-бос. Соққан желдің ізіне еріп кетердеймін. Бұрындары ерегескенім көп, ерегескеннен жазып та, жазғанымды ойнап та үйреніппін. Тіптен құдай қонақ боп кеп жүрген сынақ дегеннің бетінен көше тілімен айтқанда «шә-пә-тах» еткізіппін. Оның өзі де бір Алланың бұйрығы болса керек. Алла демекші кейінгі кездері кәдуілгі өмірдің әуре-сарасаңымен дін атаулыны кітап сөресіне қойып қойғаным да байырғы өлең шумақтарынан ұят болды. Әлді адамнан көрі әлсіз адам көп істің егжей- тегжейін біле ме дегендей тұжырымдар тоқыр да, доңғалақ басымды шыр айналып, шалынып жүр.
Тұмшаланған көзбен сұрақ бір дағар ботлса, ашық көзбен сұрағың «вагон» боп кетердей. Анау не? Мынау не? Неге? Не болған деп кітап деген жұбайымды жалаңаштап жатам да. Елдер күнделік бітірсе мен миды жеп бітіріп, адамға қорқау ит болып жүремін. Мен сөйлесем анам басқа нәрсені айтып қайқайтады, қарындасым құлағына құллаққапты салып мені тыңдап отырады. Қайтейін енді, сорлы боп, екі бет ду-ду боп, пернетақтама қайтып келдім. Махаббатымыз жанданып «ұрпағымыз» көбейіп кете ме деп, қиял қалтама қарап қойдым...
Көптеген ойларым жіпсіз жалғанған соң, сөз қуған сөз құмарлар айызын қандырып күліп жатса, енді бір топ: М..да дейт те қоя салады. Енді бір қулар мақтап-мақтап плинтустағы аяғыңды төбеге іліп, басыңмен еден жудырғанда бір грамм күнәсі жоқ маңдайды қайтадан «шә-пә-тәх» еткізесің. «Адамнан қайтпаса, Алладан қайтады» десіп «кісімсіп»келер тірлігіңе басыңды сұққаннан сұғып шығар есігін таппайсың. Бұл жерде менің кінәм мүлдем жоқ метафизик етіп жаратқан тағы да Алла! Ал енді маған әңгіме айтыңдар, кәне?
Аллаға шындап тәуелді екенімді барыммен мойындаймын. Бір тұрғыдан эклептик екенімді тағы да естен шығармаймын. Өмір деген дүниемен талқыламаны қанша рет ұйымдастырып шықсамда ана ойлам деген қасиетіміз шексіз болғанымен арғы жағында тағдырға тәуелді екеніңді айтып Алла тұрады екен! Адамнан жегенім аздай, дос боп жүрген тағдырымда беттен «шә-пә-тәх» еткізді. Бұл өмірде ақиқат деген дүние де ізіңнен қалмас. Ақиқатына келсем бетім осыншама көп «шә-пә-тәхтан» кейін кедір-бұдыр болды да қалды. Соған қазір айнаға қарайтын бет жоқ! Енді құбылаға қарағанда азанды естіп келген періштелер құтқарып қалады. Әйтпегенде, өмір, тағдыр атаулы құждардан Аллаға қарайтын да бет жоқ.
«Шә-пә-тәхтың» арқасында көргенді, өткені бар адам болған өзі де бір қиын да, қызық іс екен. Бірі айтқаныңды тыңдап ой алып жатса, енді бір сараң ауыз қырттар айтқаныңды өзіңе басқа қырынан жобалап сол сәтте тақ еткізетінін қайтесің? Сен ол әңгімелерді көреген шалдардың аузынан тыңдап, кітап ақтарып қаншама жылдан соң мағынасын қорытып өзегін айтып жүрсең аналар беттері ду етпей өзіңе құсып бергенде аузыңа құлып байлағандай халге тап боласың. Бұ да бір «шә-пә-тәх». Мағынасы ішіңдегіні шығара берме дегені болса керек.
Ізденіп жүріп шыны керек диплом деген тәуір-ақ қағаздан мақұрым болғандық енді, өшіреді. Тағдыр деген бұрындары-ақ «шә-пә-тәхты» оңдырмай қойып қалған соң кітап пен ой арасында адасып жүрген менде бір қаңғыбас. Диплом деп анау Каспий-ді асып бір кездегі «Асау жүректің» ауылына да барып қайттық. Диплом емес қалың-қалың сөздіктерді көтеріп Алматының «асфальтіне» жеткенде табаным қызып жаным тәніме кірді. Бірақ, тағдыр айдап ылғи дәрігер атаулылармен «канка» атанғаным қазірде езуіме күлкі сыйлайды. «Өлімнен қалған жан олжа» демекші осы сөзді ерте кезден айтып жүрсемде осы жазда парқына жеткенім рас. Сөзді істету, сөз саптату деген расы керек нағында оңай іс пе дедім? Сөз парқын ажырата білмесең жүз том кітап оқысаң да надан болардайсың. Надандықтың ба? Адамдықтың ба? Қайсының белгісі білмедім. Тағдырдың көптеген «шә-пә-тахтарының» парқына жеткенім де осы. Жеткеніме разы боп Алла жолымды ашты ма? Әлде, бұлда кезекті «шә-пә-тәхтың» бірі ме? Неде болсада дәрігерлік кәсіп орынға барып ақыры тоқтадым. Тыңдаған, оқыған болсаңыз сізге Алла разы болсын! Айтқандай-ақ асығудың түк те жәрдемі жоқ, өмірде біз де бір бұтақ. Аллаға өзіңді еншілесең, күндердің бір күні өзіңді бұтақтай егіп, еншіңді өзіңе еншілеп берері хақ.
Satirik92