Сезімім қалсын жасырын...

Жаным сені қызғанамын өзгеден,

Кеткеніңді қаламаймын өзгемен.

Саған деген ынтық махаббатымды,

Жеткізе алмай келемін мен сөзбенен.

 

Жаным сенің мөлдір, қара көздерің,

Жанарына ұқсамайды өзгенің.

Менің мына әлі есімде жарығым,

Маған қарап, күліп айтқан сөздерің.

 

Сен менің түсінсеңші сезімімді,

Ешқашан үздірмеші үмітімді.

Ойласаңшы мен жайлы сен де бір сәт, 

Ойлайтыным сен болдың күні-түні.

 

Айтқан сөздерім мүмкін қалар, жерде жатқан сөз болып,

Жүректерде мәңгі қалар жаңғырып.

Сені ойлаған әрбір күн мен түнімде,

Қалар енді дискеттегі ән болып



Бөлісу: