Сезімге ессіз құмармын. . .

Сезімге ессіз құмармын. . .

Кезіктім қалқам жырақта тым..!

Кезіктім қалқам жырақта тым
Оралып келмес өткен күндерім
Жауабын таппай сұрақтардын
Кутпесі анық көктемім менің

Саағынып сені сыр ақтардым
Айналып келмес шырай бағында
Жаныма батып жылатқанын
Қолыма қоншы келші тағыда

Сүйгізсен егер аялап өтем
Ұсынып өзім жүрек қайғысын
Сені басқаға қия алмай кетем
Көзімде бейнен сұлу ай мүсін!



 


Тағыда түн жылатып жанарымды...!

Тағыда түн жылатып жанарымды
Тыя алмаған сырымды жасытып ең
Сезе алмастан бір бақыт табарымды
Мұңымды мұңға малып тасытып ем

Сенумен бақ қағар деп есiгінді
Елеңдеп әр елеске алданып ең
Жүрекке жазып алып есімімді
Таба алмай жүрсін әлі жанға бір ем

Жарым боп шыға алмайсын көңiлімнен
Болмайсын әміршісі уақытымнын
Мен мәнгі ғайып болам өмірiннен
Барлығын саған арнап бақытымнын.



Бөлісу: