Сезімдер шимайы ©Фазыл Жандос

Сезімдер шимайы ©Фазыл Жандос
жеке
блог

Шамдар сөнді, жамылды қара реңге

Дауа таппай төзімім, тәнді жеңбе

Бөлме іші тарланып кетті біраз

Жексен қылған естелік, сол бір жерме?

 

Шоқтық тиген жараны шабыт керме

Қаяу түссе тағатым жанды емде

Мұң құбылып жүрілген сонша уақыт

Сынақ түбін жаудырған тәңір сен бе?!

 

Нысанаға түскенді кеудем кем де

Көзге түскен уақытты сүйем мен де

Өнерден өрнек жолды табу үшін

Шамсыз кеш, көкейімді тесіп берде.

 

Сирек шоқ, текті тұлға, тұнық терме

Сезімдер шимайына тәңір  бер ме

Бақытты шам түбінен жинай алсам

Жарықты шектеусіз – ақ берем мен де

 

Өзгенің жазғанындай, хатым ерме

Елде жоқ тақырыпты санам тер де

Жалғыздық қағаз беттей шимай үсті

Жайылса жырларым тек халқым, кеңге

 

Сілт төзімім,махаббат – қиял перде

Үміт селі, жаңғырар жалғыз ерде

Сезімдер шимайына санам бүгін

Толы екен, алып - ұшқан шабыт сен бе?!.....