"Махаббат" деп жай ғана гугілден іздеп отырғам, бір кездері өзім жасаған суретті жырлардың бірін көріп қалдым. Көзіме оттай басылды, сол кездегі сезімдер бір шарпып өткендей болды...
Сіздермен біразымен бөліссем деп ем:
Тап-таза беттен…
Бастайық бәрін қайтадан,
Жап -жаңа парақ ашылсын,
Өткеннің бәрін қайтарам,
Уақыт та бізге бас ұрсын.
Қоңырау шалдым соңғы рет,
Даусымды өшір санаңнан,
Жап-жаңа өмір мәндірек,
Жап-жаңа бетке жаза алған.
Сезімге сендік ылайық,
Басылма дүрсіл басылма,
Қайтадан бәрін құрайық
Махаббат оқиғасында… Қанат Рамазан
Бір кездері небір түрлі сезімдер болып еді...