Сезім күнәсі
блог
Менің сезімім менің өмірімнің мәні. Мен қашанда ғашық болуды, жай ғана ғашық болуды емес, ессіз ғашық болуды армандап едім. Менің сезімім өзгелердікіндей емес, ерекше болуын қалап едім. Менің сезімім тынық мұхитындай терең, бастау бұлағындай тұнық болуын армандап едім. Менің сезімім ешқашан тауысылмайтын мәңгілік болса деп едім. Бірақ оның күнәлі болуын, мұншалықты адастырып, қиындық сыйлағанын қаламап едім. Ол мені ұятқа қалдырады деп ойламап едім. Менің сезімім...
Қараңғы түн. Тек, көше шамдары далаға жарық беріп тұр. Осындай мүлгіген түңгі қаланың тыныштығын бір адамның аяқ алысы бұзып тұрғандай. Негізінде қараңғыдан қорқатын Қаламқас бұл жолы қорқыныштың не екенін сезбей келе жатқандай. Өзі жалғыз қабат-қабат үйлердің арасымен келе жатыр. Мүлгіген мына тыныштықта өз қадамдары өзіне естіліп тұр. Бір ұрлық жасап, соңынан біреу аңдып келе жатқандай артына жиі-жиі қарайды. Тез-тез қадам алып келе жатқан Қаламқас үйдің ауласында тұрған алтыбақанға қарай ақырын аяңдап, сол жерге тоқтады. Терең ойда. Санасы мен жүрегі, көңіл-күйі алсапыран, не қуанарын не мұңайарын білмейді. Жүрегі қуанайын десе, санасы сол қуанышты қайта-қайта мүжіп тастайды. Бір сәтте өзін осы ғаламдағы ең бақытты жан ретінде сезініп, жүзіне әдемі күлкі үйірілсе, енді бір сәтте өз-өзіне жиіркенішпен қарайды. Өз қылығынан қатты ұялып, тістеніп, өз-өзін мүжиді. Өкінеді. Қатты өкінеді. Бірақ, өкінгенмен не пайда, ештеңені кері қайтара алмайтынын біледі. Егер, біліп қойса, үй-ішінің, достарының, туған-туыстарының бетіне қалай қараймын?, деп қатты кейиіді. «Бар кінәм сүйгенім, бұл менің емес, сезімімнің, сезімімнің күнәсі», деп ақырын ғана дауыстап жылап жіберді. Өзін осылайша жұбатқаны болар. Бұл – оның сезімінің күнәсі.
Қаламқас - жігіт, сезім дегенге біраз тәкаппарлана қарайтын, не нәрсені де қателеспей, дұрыс шешім қабылдап, ақылмен, сабырмен шешетін. Ата-анасының мақтанышы сүйікті қызы, мектепті де, университетті де үздік бітірген. Қашанда құрбылары мен достарының алдында сыйлы болатын. оны сыйлы ететін оның осы бір қасиеттері еді, ақылдыдығы мен сабырлығы, не нәрсені ойланып барып жасайтын, табиғатынан психолог, құрбылары үшін ол кемшіліксіз жаратылған жандай еді. Мінезі де жайдары, ақкөңіл, байыпты, керек кезде көңілді, орынды қалжындары, үнемі күліп жүретін әдемі күлкісі өзіне жарасып тұрады. Ол қашанда өзгелерге үлгі болуға, қателеспеуге тырысатын. Міне, енді қателесті, осындай үлгілі қыз оңбай жаңылысты, күнәләнді. Оны жүрегі сатып кетті, оны сезімі күнәһар етті.
Бәрі күтпеген жерден бастау алды. Ешқашан бұлай болар деп ойламаған еді. Жұмыс бабымен өткен екі күндік іс сапар қыз өміріне түбегейлі өзгерістер алып келді. Мекемеден екі адам семинар-тренингке қатысуға келеді. Бұл семинарға тек бір мекемеден емес, белгілі бірнеше мекемелерден мамандар жиналған екен. Екі күн бойы жиналғандарға қызықты сабақтар мен ойындар ұйымдастырылды. Шарт бойынша келегендер топқа бөлінді. Мұнда біраз жаңа адамдармен танысты. Әсіресе орташа бойлы, көздері қап-қара, қастары қалың, ақ жүзді көрікті жігіттің мінезі мен қылықтары Қаламқастың назарын еріксіз өзіне назар аудартты. Түскі дастархан үстінде қарама-қарсы отырды. Дастархан басында жаңа танысының сөздері мен қылықтары қызды қызықтыра түсті. Жігіт қыздың алдында көшбасшы болып көрінді. Тренингтің бірінші күні өтті. Қыз жігіт туралы ойланбады да. Бұл әрине, кездесу болғандықтан олар бір-бірі туралы бәрін біліп танысты. Қаламқас өзінің көзі түскен жігіттің, отбасылы екенін біліп, өзіне тоқтау қойды.
... Семинардың соңғы күні Қаламқас үйіне көңілсіз оралды. Екі күндік семинарда бір затын ұмытып кеткендей. Бірақ, не екенін өзі де түсінбеді. Осылайша түнгі ұйқыға кетті. Түнннің ортасында қыздың телефонына қоңырау шалынды. Ұйқылы ояу телефонды алған қыз, сымсыз байланыстың ар жағындағы:
- Қалайсың, ұйықтап жатырсың ба?, деді. Қаламқас дауысты бірден таныды. Ол кеше танысқан жаңа танысы, екі күнін бірге өткізген жүрегінде қалған Қайсар екен. Қыздың жүрегі селк ете түсті.
- Әрине, ұйықтап жатырмын. Осы уақытта адам не істейтін еді, бұл уаықтта, деп қыз қыздық тәкаппарлығына салынды. Бірақ, өзінің қатты сөйлегенін лезде жібіту үшін, өзіңіз қалайсыз?, деді.
- Жақсы, Қаламқас саған бір нәрсе айтайын деп едім.
- Ия, тындап тұрмын.
- Қаламқас, сен маған ұнап қалдың. Кешелі бері сені көргелі, өзімді өзгеше сезініп жүрмін.
- Қойыңызшы
Шынымен бағана сенің қағаздарға қол қойып жатқаныңда сыртыңнан сүйсініп қарап тұрдым. Сенің әр қылығың, күлкің мен жүргенің барлығы ерекше.
- Жоқ, олай демеңіз, Сіздің олай деуге хақыңыз жоқ. Сіз әйелі, отбасы бар жансыз.
- Онда тұрған не бар, қазір ондайлар көп қой.
- Сіз осы екі күннің ішінде мені соншалықты жек көріп қалдыңыз ба?
- Жоға, жаным-ау неге олай дейсің, керісінше мен сені ұнаттым, мен сені қалаймын.
- Мен Сіздің бұл сезіміңізді қабылдай алмаймын. Сіз бен біздің айырмашылығымыз жер мен көктей. Мен Сізге ажырасқан, не болмаса біреудің жесірі емеспін, не болмаса бір тұрмысқа шыға алмай жүрген кәрі қыз емеспін. Сіз маған не айтып тұрсыз, деп өзіне айтылған сөздерді қорлық көрген Қаламқас ашумен телефонды қоя салды.
Енді, ойы сан-саққа жүгіруде. не болып кетті өзі, не болды. Маған не болды. Қыз өзінің тұла бойы өзгеше бір күйге енгенін сезді. Жүрегі соғысын жиілетіп, тұла бойын тер басқандай болды. біраз минуттардан соң өз-өзіне келіп, «Қатты сөйлеп тастадым ба?», деп ойлады. Өз-өзін түсінбеді. Мұнысы несі, осы уақытқа дейін артынан қанша жігіттер сөз айтып, олардың бетін қайтарып тастағанда былайша қиналып, артынан жүрегі ауырмайтын еді. Енді мына бір отбасылының айтқан бір-екі сөзіне өзінің осыншалы иігенін түсінбеді. Тағы бір рет қоңырау шалса екен, деп тіледі. Біраз сәттеен кейін телефонына хабарлама келді. Қараса: «Кешірші, ренжетсем», деген екі ауыз сөз екен. «Кешірдім» деп жауап жазды. Артынша «Дос болайық» деген тағы бір смс келді. «))))) көрейік» деп жауап жазды Қаламқас. Міне, Қаламқастың сезімінің күнәсі осылай бастау алды. Ол өзі осы түнді жек көретіндей. Себебі бұл түн, бұл хабарламалар сезімнің тұқымын септі. Ал күн өткен сайын сезім бағы гүлдеп, етек жаярын білмеді.
Қаламқас бүгінгі кешке едәуір дайындалып шықты. Бүгін оның сүйікті әншісінің ән кеші еді. Жайдарлы көңіл-күймен ол концертке келді. Алайда концерттің басталуы сол еді, көңілі бірден түсіп кетті. Оның көңіліне мұншалықты қаю түсірген оның жалғыздығы еді. Концертке жұптарымен келген таныстары мен достарын көргенде ол өзін жалғыз, достары жұптасып отырғаннан кейін өзін артық сезініп, екі әннен кейін басым ауырып тұр деп сылтауратып залдан шығып кетті. Үйге қарай саябақтың арасымен жаяу аяңдады. Кенет ойына өткен аптада танысқан танысы, орта бойлы қалың қас, қара көзді жігіт оралып, оған қалай қоңырау шалғанын байқамай қалды:
- Сәлеметсіз бе, Маратұлы?
- Сәлем, Қаламқас! Қалың қалай, денсаулығың қалай?
- Жақсы шүкір, өзіңіз қалайсыз?
- Шүкір аманшылық, сенің қоңырау шалғаныңа өте қуаныштымын!
- Ммм
- Көңіл-күің қалай, болмай тұрған сияқты ғой.
- Жоқ, қалыпты. Қайдасыз, не істеп жатырсыз?
- Ештеңе, сол үйде теледидар қарап жатырмын. Өзің?
- Мен саябақта жүрмін.
- онда мүмкін кездесіп, тамақтанармыз, мүмкін көңілің ауланып, көтеріліп қалар. Осы сөздерді күтіп тұрған қыз
- Жақсы, деді
- Ия, онда бір 10-15 минутта жетемін
- Жақсы...
Бәрі басталды. Осы бір телефон қоңырауы өзенді өзге арнаға бұрды. Кездесу тамақтанумен ғана тоқтап қалмады. Олар ескі таныстардай бір-бірінің тілін тез тапты. Ананы-мынаны әңгіме етіп ұзақ отырды. Өмір, күндер, мәдениет, саясат дейсің бе барлық тақырыпта әңгіме өрбітіп, бірде мұңайып, бірде іштерін жия алмай күлді. Бұл күн екуін сезімнің ырығына көндіріп, кейінгі күндердің бастауы болды.
Бұл сезім тек Қаламқас үшін ғана емес, Қайсар үшін де арзанға түспей отырғаны анық. Қаламқас үшін жағалаудың бір жағында сүйгені мен сезімі тұрса, екінші жағалауында оның ата-анасы, абыройы мен ұяты тұр. Қайсар үшін бір жақ жағалауда жап-жас үрімдей көзі тоймайтын сүйіктісі, екінші жағалауда отбасы мен екі құлыны тұр. Міне бұл сезім осылайша екеуін сергелдеңге салды. Кейде көңілдеріне қаю түскенде кездесіп әнгімелесіп, бір-біріне мұңдарын шағып жүрді. Уақыт өте мұндай кездесулер жийілей түсті. Осылайша жалын алауға айналып, орталарында махаббат ойындары басталып кетті. Олар бір-бірін көрген сәтте біреуі отбасын, екіншісі абыройын ұмытатын. Бұл ғаламда олардан өзге адамзат жоқ сияқты көрінетін. Жасы отыздан асса да Қайсар өзін қыздың алдында ессіз бозбаладай сезінетін, ал әрқашан байыпты Қаламқас өзін сүйгенінін қасында кішкентай, нәзік, әлсіз, ақымақтау, жеңілтектеу сезінетін. Қалай десе де, барлық істеріне өкінетіндерін білсе де бұл сәттерде екеуінен бақытты жан болмайтын. Құдды бір көздері мен саналарын сезімнің шелі басып қалғандай. Алайда осындай әр кездесуден кейін Қаламқастың жаны егілетін де тұратын. Болды, бәрі осымен бітті енді қоңырау шалса, бәрін тоқтатамын, мен сені көргім келмейді деп айтамын деп өзін іштей дайындаса да, олай деу қолынан келмейді. Қайсар да осындай күйді кешуде. Алайда, жүрек пен сана, екі тағдыр күнәлі сезімнің жетегінде кете барады. Енді мұны қалай тоқтатарын екеуі де білмейді. Қайсар отбасын тастап кете алмайды, қалай дегенмен құлындарын қимайды. Тіпті ол отбасын тастаса да Қаламқас қалайша оған тұрмысқа шығады. Қалай үй-ішіне мен ажырасқан, онымен қоймай екі баланың әкесі, өзімнің он жас үлкен азаматқа тұрмысқа шығамын, деп айтады? Мұндай шешімді қыздың отбасы қабылдамайтыны да белгілі жәйт қой. Міне, сезімнің күнәсі деген осы екен...