Сезім алауы

Көңіл шіркін, көгін кезген мазалы,

Өзіңді ойлай жас көңілім азады.

Бір шоқ түсіп тұтатқан сол сезімді,

Енді міне еріксіз жыр жазады.

 

Ойым түкпір, сезім бағын аралай,

Лапылдамай, сөніп бәлкім қаламай.

Үрлеп жібер, сезім самал екпіні,

Бағына алмай олда кетіп барамай.

 

Ойым сүйреп, жетелейді арманға,

Қиял кезеп, жанды билеп алғанда.

Бағындырып асау жүйрік сол сезім,

Сүймей тұрып тек ұнатып қалған ба?

 

Қыз көңілі үнсіз ғана баурайды,

Сенсіз жаным елжірейді, жаурайды.

Жылулық бер келіп енші түсіме,

Көрсем сені сезім от боп лаулайды.

 

Болмасақта бұл жалғанда бірге біз,

Біріміздің түсімізге кіргенбіз.

Сезім бақтың аралап әр саласын,

Оятпаңыз биз ол жақта біргеміз.

 

Сүйетұғын, ұнататын ару бар,

Сол аруды төзімменен тану бар. 

Түсінерсің сонда менің жанымды,

Ғашық болып көріңдерші, Бауырлар...



Бөлісу: