Қыс келіп айнала ағарған,
Сезімге орнатқан ақ арман.
Армандар айналса бақытқа,
Неліктен жас тамған жанардан?
Кешірші кей кезде жылаттым,
Жылатып сол сәтте жұбаттым.
Баяндай ақ адал жаныңды,
Қозыдай еліріп ұнаттым.
Сағынып жанарды жапты мұң,
Арттырып жүректің аптығын.
Ақ қармен қосылып айтамын,
Мендегі сезімнің ақтығын.
Үмітпен қараймын таңыма,
Ойлаймын өзіңді сағына.
Жырақта жүрсең де сен менен,
Жаралғандайынсың бағыма...