Сезім

Сезім
жеке
блог
Бас идім мысың басып
Өмірдің өрнегіне
Тасиды сезім ғашық
Көңілдің ернеуінен

 

Өзіңсіз өтті күнім
Сен жайлы білмеуші едім
Сендегі ақ гүл үрін
Өзгеден іздеуші едім

 

Бәлкім бұл сезім шығар
Лапылдақ, сәттік қана
Мүмкін жай көзің шығар
Кетірген есті шала

 

Тағдырға жоқ таласым
Өз дертін сауықтырған
Өзі ертіп бейшарасын
Өзіңе жолықтырған