Сеулде не қымбат, не арзан?

Кореяға келген соң біздің оқырманға не қызық болады деген ой болды. Үдеден шыққым келіп, әр нәрсені іздей бастадым. Тіпті ұшаққа отырғаннан бастап «жабысып алатын» бір тақырып іздедім. Сонымен, Ел, жер, негізгі мәселелер, жастар, студенттер, оқу, әлеуметтік проблемалар, өнеркәсіп, спорт сияқты тақырыптарды ары ойланып-бері ойландым да, тіпті бір басқа дүниеге қызығушылық таныттым. Бізде «бәлен жақта киім арзан, тамақ қымбат», «әлем жерде керісінше» деген сияқты сөз бар. Ойлана келе, Кореядағы тамақтар мен киімдер жайлы әңгімелесем деп ойладым. Бірақ «Жаман адам ішкенін айтады» деген сөз де бар. Мейлің, осында отырған барлығың жақсы, мен ғана жаман бола салайыншы)

Біз келген Сеул қаласы бір ел үшін жауап бермейтіні анық, сондықтан осы қаладағы қалыпты болатын бағалармен таныстырсам.

Тамақ

Тамақ расында да қымбат екен. Орта деңгейлі бір кафеде отыру үшін сіз 10-15 мың вон жаратасыз. Бұл 2639.47 теңге. Бізде бір адам тамақтанғанда, меніңше, 1000-1500 аралығындағы сомаға тамақтанады. Сондағысы ең бір арзан деген рамен деген кеспе. Дәмі дәл сондай раменді Алматыдағы «Кенбоккунда» 1000 теңгеге аласыз. Әрине, тек мұндай емес, бағалар ішетін асыңыздың санына, сапасына да байланысты. Менің талғамым жоғарыда көрсеткен сомадан ары аспапты. Шүкір деуге болатын сияқты. Одан кейін мұнда кәдімгі нан тауып жеу қиын екен. Иә, корейлік асхана/кафе/мейрамханалардан табылмаса да, көшеде нан дүкендерінен сатып ала аласыз. Тек ондағы нанның бәрі де тәтті. Тіпті «сәсіскавтесте» дегеннің қамырына да тәтті ұнтақ қосады. Қысқасы біздің талғам ондай емес. Сіздің қуырылған етіңіздің қасына сұп-суық жүзім я басқа жеміс әкеп қоюы мүмкін.

Бір-бірімен тіпті де үйлеспейтін сыр (ірімшік екенін білем, бірақ ол дұрыс аударма емес) мен апельсин тіліндісін бір тамаққа қойғанда даяшыға қарап біраз тұрасыз да көзіңізді жыпылық-жыпылық еткізіп барып қоясыз. Бірдеңе алса ад, бірдеңе берсе де «камсамида-касамида» дей береді. Сонымен далға шығасыз. Әншейінгі автоматтардан сатылатын кола, спрайт сияқты, бірақ басқа түрдегі (әрі басқа дәмдегі) сусындардың бағасына қарап шошисыз. Сөйтіп, 800-1500 аралығындағы соманы теңгемізге ауыстырған соң ғана көңіліміз жайланады. Сондағысы – 140-263 теңге арасында екен. Бірақ кола не басқа бір салқын сусын ішіп жүрген адамды өз басым байқамадым. Барлығының қолында салқын кофе. Ішіп көрдім. Өте ащы.  

Ал мынадай шұжықтар 2000 вон (351 теңге) тұрады. Тәтті.

Киім

Кореяда киімнің арзан екені рас. Mandaemung деп аталатын ең үлкен базарларының бірінде не істеп жүргенімізді білмеймін, әйтеуір жүрміз.

Кірген бутиктердегі көрген ең қымбат киім 220 мың вон тұратын костюм. Бұл 38712.19 мың теңге. Ал басқа киімдер көбіне 30 мың (5278.93 теңге) мен 60 мың вон (10557.87 теңге) арасында. Киім сапасы керемет. Маған қатты ұнады. Нағыз матаның қандай екенін білу керек болса Кореяға келу керек екен.

Көлік

Ал такси өте қымбат. Мұнда бензинді тасымалдау жолдары күрделі болғандықтан көлікке тек ауқаттылар мен уақыты барлар отырады. Ал біз бен сіз сияқты қарапайым адамдар сол таксиден 2-3 есе жылдам әрі 2-3 есе арзан метромен барады. Расында да тез әрі арзан.

Кептелісте 3-4 сағаттап тұрғанша құстай ұшатын 1500 вон (263 вон) тұратын  метро артық мұнда. Ал таксиге отырсаңыз оған бірден 3000 вонды қолға ұстатасыз. Оның үстіне отырғаннан бастап әр шақырымына ақша төлейсіз.

Мәселен біз жарты сағатта жетіп барған стансаға дейін (орташа 20 шақырымдық жер) таксиге 20 мың вон (3519.29 теңге) беріп, 2 сағатта бірақ жетеді екенбіз.

Көпшілік мұнда жаяу жүреді екен. Жаяу жүргіншілерге көп жағдай жасалғанын да айта кетейін. Әрбір бағдаршамның қасында жергілікті жол полициясы бақылап тұрады.

Айтпақшы, көлік жайындағы бір байқауым - мұндағы көліктер алдыңғы шеткі және алдыңғы терезелеріне тонировка жабыстыра береді екен. Жүргізушіден сұрағанымда да бола беретінін айтты. Ал қауіпсіздік белбеуін жолпол қалай бақылайды деген сұрағыма "Қауіпсіздік белбеуі жолполды емес, сені құтқарады" деді. Дұрыс.

Қорыта келгенде Корея қыдырып келушілерге қымбат қала. Себебі мұнда келген адам бірінші кезекте әрлі-берлі жүргісі келеді. Тамақтың түр-түрін ішкісі келеді. Онымен қоса өзге валютаға ауысқанда онымен бірге есің де ауысып, заттың құнын білу қиын. Менікі жәй ескерту 



Бөлісу: