Сертке құрылған сезім

Сертке құрылған сезім
жеке
блог

Жігіт пен қыз көптен бері бір-бірін жақсы біледі, екеуі шынайы ғашық болып жүреді. Бір күні жігіт қызға келіп:

- Екеуіміздің енді жолымыз бөлінуі керек, - дейді. Төбесінен мұздай су құйғандай қыз аз уақыт есеңгіреп қалады. Бар аузына түскен сөзі "Неге?" болды. 

 - Өйткені мен өзгеге үйленгелі жатырмын,- дейді. Санасы сергелдеңге түскен қыздың қапелінде тілі күрмеліп, кеудесіне бір өксік тіреледі. 

- Ата-анам біздің бірге болуымызға разылығын бермей жатыр. Тіпті, өздеріне келін де таңдап қойған секілді. Енді бір айдан соң тойым болады. Сондықтан бос алдап жүргім келмеді сенімен.....-дей бергенде қыз арғы сөзді естуге шама-шарқы жетпей, мөлдір көзі мұңмен шыланған жаңбырлы жаспен сөзге келмей кетіп қалады. Соңынан айғайлаған жігіттің:

- Бірақ сені өмірімнің соңына дейін сүйіп өтем, Тек.... - арғы сөзін ести алмайды.

Бір айдан кейін қыз жігітті сырттан болса да көргісі келіп, үйінің жанынан өтеді. Жігіт үйінде топтасып жүрген адамдарды көріп, үйленгеніне көзі жетеді.

Арада көп өтпей қызға қайдан келгені белгісіз бір жігіт ғашық бола қалады. Екеуі тез тіл табысып, жарасып-ақ кетеді. Көп күттірмей жігіт жағы қызға құда түсіп, келіндерін шаңырақтарына қондырады. Сонда ғана қызға ащы шындықтың шымылдығы ашылады. Жан жары:

- Сені бір жыл бұрын тастап кеткен жігіт есіңде ме? - дегенде, қыздың көз алдынан жыл бойына қиналғаны, сағыныш отына күйдірген жанның келбеті жылжып өтті. Бар айтқаны:

-Ия, сен оны қайдан білесің?

- Ол - менің ағам, бір жыл бұрын қатерлі ісіктен қайтыс болды. Сондықтан да саған өтірік айтқан болатын. Ол сені жанұямыздың келіні етуге уәде берген. Сол арманына жете алмай кетті, арманын бүгін мен орындап отырмын. Аға алдындағы уәдемді де орындадым, - деп сөзін бітірді. 

 Қандай болмасын, сүйгендеріміз аман болғай, ағайын!!!