Серіктес болу оңай ма?!

14 қыркүйектен бастап барлық кинотеатрларда «Серіктес» комедиясы көрсетіле бастайды. Ресейлік кинотуындыда Сергей Гармаш, Ксения Лаврова-Глинка, Лиза Арзамасова, Ян Цапник, Андрей Назимов сынды көпшілікке таныс актерлер түскен. Өте қызықты кино Ресейдің Владивосток қаласында түсірілген. Кішкентай балақай Ваня компьютерлік графика жасалған кейіпкер.

Фильм желісі бойынша, аса қауіпті қылмыскерді қолға түсіру үшін полиция майоры арнайы операцияға қатысады. Алайда, операциясының сәтті аяқталуына полиция лейтенанты кедергі келтіріп, майор жарақат алады. Оны ауруханаға жеткізіп, ота жасай бастайды. Дәл сол уақытта лейтенанттың жұбайы ұл баланы дүниеге алып келеді. Нағыз қызық осы кезде басталады. Кішкентай баланың бойына майордың жаны қонады. Ал сәтсіз аяқталған операция нәтижесінде қылмыскер қолға түспейді. Осы олқылықты түзету мақсатында кішкентай Ваня, яғни полиция майоры Хромов мырза барлығын өз қолына алады.

Фильмнің алдын ала көрсетілім ұйымдастырғаны үшін «Меломан-Афиша» компаниясы мен «Lumiera Cinema» кинотеатрына алғыс айтамын. Демалыс күндері қай киноға барсам болады екен деп ойланып жүрсеңіз, міндетті түрде, «Напарник» киносын көруге барыңыз!



Бөлісу: