Серке» газеті 1905 – 1907 жж «Улфат» газетінің қосымшасы ретінде жарық көріп отырды. Газеттің басшысы – Шәймерден Қосшыұлы, редакторы – Хажы Ибрагимов болып тағайындалды. Газет атының пайда болуының өзіндік тарихы бар. Серке – қазақ халқының ұғымы бойынша, жайылымдағы малды бастайтын түлік ретінде сипатталады. Газет атауы осы ұғымға негізделген.
Газеттің басты мақсаты – оқу – білімді насихаттау, ұлттық автономиялардың негізін қалау және діни мәселелерді шешу болды. Бұл газеттің ерекшелігі қазақ қоғамындағы алғаш демократия жаршысы ретінде жарық көрген басылым болып табылады. «Серке» газетінің небәрі екі саны ғана жарық көрген. Одан кейін бұл басылым өз жұмысын толықтай тоқтатты. Себебі, М. Дулатұлының осы газетке «Біздің мақсатымыз» мақаласымен «Жастарға» өлеңінің жариялануы еді. М. Дулатұлының бұл мақаласында қазақ халқының сол кездегі ауыр жағдайын жік-жікке бөліп, мәселе етіп көтереді. Нақты әрі ауыр жазылғаны соншалық бүтін бір басылымның жұмысын тоқтатты. Қорыта айтқанда, әрбір газеттің өзіндік ерекшелігі бар. «Серке» газеті ғұмыры ұзақ болмаса да, аз уақыт ішінде қазақ баспасөз тарихынан өз орнын таба білді.