Серікбол Сайлаубек ағамен сұхбат
блог
Өзіндік ерекше дауыс иесі,орындау мәнерімен көптің ықыласына бөленіп жүрген жас әнші.Бүгінде оның "Ой жеңге ", "Ең сұлу" әндері халық арасында біршама танымал.Қазақпыз ғой деп тойға келіп тегін өлең ғана айтпай тіпті ауыл аймақтарға барып концерт өткізіп тұратын жүрегі кең жомарт жан Серікбол Сайлаубек ағамен сұхбат.
-Қайырлы күн Сайлаубек аға,жағдайыңыз қалай?
-Қайырлы күн,рахмет Аллаға Шүкір бәрі жақсы.
-Сұхбатымыздың алғашқы сауалын туып-өскен жеріңізден бастасақ.Қай жердің тумасысыз ?
-Мен Талдықорған облысы Сарқант ауданында туып өстім.Отбасымда жалғыз ұлмын әрі кенжесі.Өзімнен үлкен 3-әпкем бар.Алғашқыда 9-сыныптан кейін аспаздық колледжге тустім.Кейін бұл оқуды тастап қайта мектепке, келіп 11-сыныпты аяқтадым.Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжіне түсіп, 3 жыл Лаки Константиновия Кесоглудан білім алдым.Одан кейін жоғары экономика мамандығын бітірдім.Бірақ айналып келгенде өнер жолына келдім.Достарым осы өнер саласына жақын болуға себепкер жандар.
-Бала кезіңізден әнші болу жайлы ойлап көріппе едіңіз?
-Әнші болсам деп армандадым.Балалық шағым бұрынғы Таодықорған облысының Сарқан ауданында өтті.Мектеп қабырғасында жүргенде мерекелік кішігірім концерттерге қатысатынмын.Былайша айтқанда өзімді дамыту бағында жүрдім.
-Тегін концерт беріп жүргендігіңіз жайлы көп естимін.Барлығы таңғалуда мұндай шара өнерде сонша жыл жүрген кісілердің де қолынан келе бермейді.Қаражатты қайдан аласыз?
-Әншіліктен басқа да айналысатын шаруаларым бар.Қаражат жағынан келсек,маған Жайлау шаруашылық орталығы көмектеседі.Ал, ол жерде кім екендігін айта алмаймын..
-Сахнаға қай кезден бастап шыға бастадыңыз?
- 9 дан аспаздыққа түсіп,тастап кеткен колледжімде өнер сайында ән айтып 1-орын иегері атандым.Жалпы өнер жолындағы алғашқы балалық жеңісімнің бірі.Эстрадаға 2007 жылы келдім.Бірақ арасында үзіліс жасадым.Отбасылық жағдайларға байланысты сахнадан кетуге тура келген болатын.Алматы қаласында үй салып,кішкене тұрмыс-тіршілікті дұрыстап алуды жөн көрдім.Аяғымнан нық тұрған соң өнерге қайта оралдым.
- Өнерге келуіңізге кім себепкер болды?
-Аллаға шүкір,бауырларым,ағайын туысым бар.Олар менің болашағыма сенеді.Солардың сенімін ақтауым керек.Тағыма таласқанымен,ешкім бағыма таласа алмайды.Әр адамның өз дәуірі болады.Алла тағаланың бір сәтке беретін бағы болады.Соны дер кезінде ұстап қалу керек.Қасында сатып кетпейтін достарың,жанашыр бауырларың болса ғана адам өседі.Арам нәрседен аулақ жүру керек.Егер адам таза жолмен жүсе,бәрі өз ретімен келеді.Ал,ластықпен,зина және араммен болған дүниенің ешқашан берекеті болмайды.Өнерге кеше ғана келген адам емеспін,сахнада жүргеніме 10 жылдан асты.
-Жалпы тойдың әндерін жиі айтасыз Өзіңізді басқа қырынан көрсеткіңіз келмей ме?
-Мен кезінде шығыс стилінде,рок рэп жанрларында айтып көрдім.Бірақ қазақ халқына танылу үшін бірінші той әнін айту керек екен.Еуропа,Америкаға қанша еліктегенімен,бірінші кезекте халықпен есептескен жөн.Осы уақытқа дейін біраз әндер жаздым.Кезінде жасанды стильде шығып,халыққа таныла алмадым жаспыз,көп нәрсені білмедік.Қазір өмірде қандай болсам,өнерде де сондаймын.
- Өз-өзіңізге қаншалықты сенімдісіз?
-"Адамнан сұрасаң,мұрттай ұшасың; Алладан сұрасаң,құстай ұшасың"- дейді.Не болса да,Алла тағаладан сұрау керек.Мен өз-өзіме сенемін.Өйткені жүрегімде Алла бар.Сондықтан ештеңеден қорықпаймын.
-Аға өнеріңіз өрге жүзссін.Сенім мен Алла тағалам серік болсын өзіңізге.Сұрақтарыма жауап беруге келіскеніңіз үшін үлкен рақмет.Қарапайымдылығызға шүбәм жоқ тағы бір дәлелдедіңіз.Хит әндеріңіз көбейе берсін,халықты қуанта беріңіз.
-Сағанда рақмет қарындасым,жолың ашық болсын биік белестерден көріне бер.
-Сау болыңыз.
-Сау бол қарындасым.