Сериал

Сериал деген блог сияқты. ) Екеуінің де желісі - тағдыр, өсек, күйбең тірлік :)

Эстафета бастамақпын. Сериал туралы. Эстафета үш сұрақтан тұрады.

1.Бала кезде көрген сериал.

2.Қазір көріп жатқан сериал.

3.Сериал желісіне қандай өзгеріс енгізер едің?

Шығармашылыққа шырмау жоқ. Үш сұрақтың арнасынан асып, кең көсілем десең де өз еркің. Бастысы - сериал хақында болса, жетіп жатыр.

Сонымен...

1.Бала кезде көрген сериалым - түріктің "Назары" шығар. Ол кезде жалпы ауыл жаппай аузын ашып, көзін жұмып сол сериалды көретін. Көрмегенде қайтейік, ауылда бір-ақ арна ол заманда - "Қазақстан" (Қазір екі арна) . Е, сосын "Бериван" бар. Бериванның тұңғиық көк көзі есімде қалыпты. Одан бұрын тағы бір сериал жүрді. "Анна" деген. Оның үлкен көзді ақ сырғасы мен сақинасы болатын. Сосын шашқа қыстырғышы да сондай әдемі еді. Сол детальдар көз алдымда шырамытып тұр )  (Ол кезде бала едім, балаң көңіл не ұқсын?:) Содан кейін "Жүрегімде қалған күзді" көзімнің жасын сығып отырып көргенім есімде.)

2.Қазір сериалдарды көп көрмеймін. Сериалдағы оқиғалардың өтірік екенін түсінгесін бе, әртістердің жалған бейнелерін қабылдаудан қалып барамын. Жоқ,аздап қосып айтып отырмын. Анда-санда көзім шалып қалатын "Дениз" бар екен ғой ) Иә, Дениз сондай ақымақ :) 

3. Сериалдардағы мына сюжеттерді жояр ем:

-Кейіпкер міндетті түрде есіктің артына тығылып тұрып "шындықты" естіп қояды. Есікті ашып қалған кезде, сол тұрады.

-Кейіпкер міндетті түрде оққа ұшады  және қанша жерден денесін шұрық-тесік қылса да, өлмейді. 

-Бір біріне ынтызар қос кейіпкер бір-біріне сезімін айта алмай, құса болады.

-Өмірде кездеспейтін "адалдық, тазалық, періште бейне" Бас кейіпкер сондай кіршіксіз, күнәдан таза болып сомдалады.

Жалпы, осы :)

П.С: Эстафета Анарада! 



Бөлісу: