Сенсіз де...
блог
Құрғады сезiм сыйлаған мөлдiр шық бүгiн
Сенсiз - ақ өмiр сүре алам, соны ұқтырдың
Ойлап ем демiм тарылып өлiп қалам деп
Жоқ!
Бiрақ бүгiн сенсiз-ақ жерде нық тұрмын
Сенсiз де таңы атады екен бұл күздiң
Өкпенiң берiк қамалын сөзбен құрғыздың
Жүректегi күнтiзбемнен бiртiндер
Өзiңмен өткен әр күннiң бетiн жұлғыздың
Өлмедi!
Тiрi!
Сенсiз де жырым, өлеңiм
Сөзiмде бүгiн өзгеше екпiн
Бөлек үн
Әлi мен сенiң өзiмшiл жалғыз жаныңа
Сағыныш болып төнемiн!
Сол кезде мүмкiн халiмдi менiң ұғарсың
Сезiмге жерiк, мастыққа неге құмарсың?!
Түкпiрiне жүрегiмнiң мәңгiлiк
Өкiнiш боп тұнарсың
Желкемнен алды
Бұл сезiм жанды жұлқылап
Жапырақ мұңды
Ақырын талдан тұр құлап
Сағынбаймын! Еске алғаным болмаса
Сен қор еткен сезiмiмдi бiр жылап
Өткенiңнiң сан кезерсiң көрмесiн
Сан мекендеп суретiм көп бөлмесiн
Кездесуге зар боласың
Бiлемiн!
Өз түсiңнен өзге жерде көрмессiң
Әп әдемi сезiм едi
Жоғалды...
Махаббатым, бар үмiтiм тоналды
Сен туралы ойды әкеткен жыл құсы
Бақыт болып оралды...