Сен,сенсің бе?

Сен,сенсің бе?
жеке
блог

  Сәлем, қымбатты оқырман! Мүмкін, сіз жасөспірімсіз немесе бұл кезеңнен әлдеқашан өтіп кеткен болуыңыз да мүмкін. Бұл өмірде әр адамның мақсаты болады. Бірақ, бұл өмірден өз орыныңызды таппай,мақсатыңызға қол жеткізудің қиын болатындығы анық. Ендеше, үлкен айнаның алдына барып, өзіңізге қараңызшы! Айнадағы адамды ұнатасыз ба? Ол адам өз мақсатына жетті ме? Мүмкін, өзгерткіңіз келетін заттар бар шығар? Өмірде әртүрлі жағдайлар болады. Бәлкім, өз ескегіңізбен кезінде дұрыс бағытқа жүзбеген боларсыз. Шындығында, қазір өзіңізге көңіліңіз толса да,керісінше болса да бәріне өз күшіңізбен жеткеніңіз анық. Алайда, бір нәрсе есіңізде болсын! Оны сіз өте жақсы білесіз! Бәрі өз қолыңда! Ия, негізінде, біз бәрін білеміз. Ненің жақсы, ненің жаман, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін де.. Шындығында, бәрі өте қарапайым және барлығы да осы қарапайым заттардан басталады. Мүмкін, сіздің  жаныңыз жабырқап,өзіңізге дос іздеген сәттеріңіз де болған шығар. Ендеше, сізге дос іздеп көрелік. Айналаңызға қараңызшы,өзіңізден артық сізге кім дос бола алады. Өйткені,сізден артық өзіңізге ненің керек екендігін, нені дұрыстау керек екендігін ешкім білмейді. Өзіңізбен өзіңіз дос болғанда ғана сіз биіктерге қол жеткізе аласыз! Ендеше, мен сізге өмірден өз орыныңызды табуға сәттілік тіледім.