Сенің жетістікке жетуіңе не кедергі?
блог
Арман! Мақсат! Иә, мүмкін екеуі бір мағыналы сөз деп ұғынармыз. Шын мәнінде екеуі екі бөлек әлем. Арман - барлық адамның ойында бар. Бірі оқу орнына түсіп, жақсы маман атануды, ал бірі көлік алуды, бірі денінің сау болып ауруынан айығуды армандайды. Бұл өмірде қыбырлаған жанның бәрінің де арманы бар. Ал, сол жандар қиялдаған армандарына жетті ме? Мүмкін иә, ал мүмкін жоқ. Себебі ол арман! Мақсат шe? Менің ойымша оның орны бөлек әңгіме. Егер адам шынымен соны қалап, сөз жүзінде емес, іс жүзінде дәлелдемекші болып биік шыңға өрмелей түссе, не әбестігі бар. Ол бәрінің қолынан келеді ғой. Шыңды бағындырып, сөзінде тұрғандығын дәлелдеу бәрінен де маңызды. Сізге жaй ғана осы өмірде жетістікке жеткен адамдарды мысалға ала отырып, сөзімнің дәлдігін ұғындырғым келеді.
Есіңізге түсіріңіз, ақшасы жоқ, жұмысын жоғалтқан Стив Джобс, иә дәл сол жан қазіргі көп сұранысқа ие болған ұялы телефонды дүниеге әкелген. Сонымен қатар қазіргі сүйікті асыңызға айналған KFC мейрамханасының үлкен сұранысқа ие болуына үлес қосып соны ашқан Гарланд Сандерс шe? Ол кіші кезінен жоқшылықтың ащы дәмін көрген, ал ол бар жоғы 65 жасында Kentucky Fried Chicken (KFC) ашып, әлемге әйгілі еткен. Әрине, мұндай үлкен жетістік бірден емес, өзіне тән қиындықтары мен құлдырау кезеңдері болады. Бірақ олар жеңіске жетті. Себебі олар тек армандап қана қойған жоқ, сонымен қатар мақсаттары айқын болды және оны жүзеге асырды. Ал саған не кедергі? Сен әлі жассың. Аз ғана таланттың мен талабың болса, сен Эвересті де бағындыруға күшің жетеді, бастысы ұшқыр ойың.
Жай ғана бала күніңді еске түсірші, сен балалық шағыңда ағашқа өрмелеп бәрінен өзіңді биік екендігіңді дәлелдегің келдіғой? Тіпті сен сол ағаштан құлап, жарақат алсаңда мойымадың, керісінше қайта тұрып, өрмелей бердің. Сол бұтақтан міне алмаған жағдайда, басқа бұтақтарға өрмелеп, басқа жолдарын қарастырып, нәтижесінде мақсатыңа жетіп отырдың ғой. Дәл қазір сенің қол жетпес дейтін арманың мен мақсатыңның сол ағаштан не айырмашылығы бар? Адам өз еңбегінің, өз талабының жемісін көреді дейді ғой. Қандай болашақты армандағың келсе де қиялыңа ерік бер. Ең бастысы соған мақсат қоя отырып қол жеткіз. Сенің жарқын болашағың өз қолыңда. Таңдау өзіңде! Өміріңнің әрбір сәтін пайдалы және дұрыс нәрсеге жұмсауға тырыс.