Сенің жапырақтарыңның біреуін алдым

 Есіңде ме, "дүниеден баз кешкендей" адамзатқа өкпелеп, өз-өзімізді жоғалтқан былтырғы жылдың күзі. Менің есімде.  Қалайша ұмытайын,  мұңға толы, мұңмен өрнектелген, қараңғы бұрыштағы ормекшінің торындай өміріме, "мән" берген, жақсы көруді уиреткен СЕНІ. Сол түн,  әлі есімде. Сөйлесіп,  танысқанымызға екі апта, кездескеніміз екі-ақ рет болса да, әлі есімде. Алғашқы қарды,  үнсіз отырып, тамашаласақ та, сол сатте, жүрегіңмен сырластым. Сенің сезім арпалысыңмен, сенің мұңыңмен күбірлестім. Адам кушағының сондай жылы болатынын, адам жүрегінің соншалықты нәзік болатынын, сол түні ұқтым.                                                                  

  "Сенде қалай? Әлгі адам, әлгі сезіміңе сызат түсірген адам ше? Біргесіңдер ме?".

Күтем сені.  Қайтып келші.                                  

Жабырқап,  жаның құлазығанда,  адамзаттан жұбаныш іздеп,  сол "агент" желісінде боларсың тағы, қала сыртындағы ,сол, саябаққа тағы барарсың.                                                                       Саябақ демекші,  сол саябаққа мен жиі барам.  Ауасынан, сенің де, менің алдымда ғана болғаның сезіледі. Соңғы кездескенімізден кейін, араға бір апта салып, мен сол саябақта болдым. Ол кездегідей емес, жайбарақат,  аппақ өзі.  Сенің мұңыңды қар басып қалыпты.  Қолым,  мұздаса да, қарды қазып,  сенің сары жапырақтарыңның біреуін алдым. Әлі, сол сары түсін сақтапты. . . .




Бөлісу: