Сенің есің дұрыс па?
блог
* Құдай мені неге осындай етіп жаратты екен? Неге сонша мүжіліп көп уайымдай беремін? Ылғи шешілмеген мәселемді, өмірімді, одан қалса өзге жандардың айтқан мәселелерін ойлай беремін. Маған еш қатысы болмаса да. Соның салдарынан ба кейде қоршаған ортамда болып жатқан жағдайлардан бейхабар қаламын. Осы үшін талай Құдаймен де тілдестім. Маған мұнша уайымшылдықты қайдан ғана бердің екен деп.
* -Сенің есің дұрыс па? Неге қанша рет жамандық жасап, ауыр сөз айтқан адамдарды кешіре бересің? (құрбым)
-Шынымен де менің есім дұрыс па? Соншама қиянат жасаған жандарды оңай кешіре саламын. Қанша кек сақтайыншы десем де қолымнан келмейді. Жұрт сияқты бірдеңе үшін біреуден көңілім қалып, мәңгіге сол адамға жоламауды қашан үйренемін? Менің де қатты болғым келеді, түсінесіз бе қатты...
* Бұрында арманшыл едім, мақсатшыл едім. Ылғи биіктерге ұмтылып, қалайда шыңға шығуды көздеуші ем. Бұл күнде мақсат та, арман да жайында қалды. Шың түгілі, алдымдағы арықтан да аттағым келмейді. Мендегі талпысын, мендегі жігер қайда кеткен?
* Жоспармен жүретінмін бұрындары. Мына күні мынаны, ана күні ананы істеймін деп. Ал қазір, қазір бар ғой ертеңгі күніме де жоспар құрмаймын. Тіпті, атар таңыма атса ата берсін деген көңілмен қараймын.
* Бұрындары жұрттың сөзі дейтінмін. Жанарымдағы мұңды жұртқа көрсетпейін. Жалғыз болып жүргенімді білдіртпейін. Жұрттың сөзіне қалмайын. Осы күндері мені жұрттың сөзі де өзі де қызықтырмайтын болды. Жанарымда мұң болса да, жалғыз болсам да бәрін айқын бейнелеп жүремін. Мұным өзіме қатты ұнап жүр. Себебі, мен өзіммен өзіммін.
*Мен де сіздер сияқты патриот болдым. Қазақ десе намысым келіп, қалайда қазаққа жаман сөз тигізбеуді көздейтінмін. Бүгін мен ондай емеспін. Мені қанша жазғырсаңыздар да өздеріңіз білесіздер. Себебі, қазақ деп соққан жүрек сол қазақтардан түңіліп кеткен. Сондықтан ойлап қоямын, жалған патриот та болмай-ақ қойдым. Онанда барды бар деп, жоқты жоқ дейін.