Сенің есімін кім?

Сенің есімін кім?
жеке
блог

Есім… Дүниеге перзент келсе дүйім жұрт болып әдемі есім іздейтін әдетіміз бар. Ерекше есім – естілгенде елең еткізетін, сирек кездесетін кісі есімі. Менің есімім- Гүлжан. Иран тілінен аударғанда "гүл" сөзі "роза" мағынасын береді. Гүлдей жайнап, жарқырап жүрсін деген мақсатта әжем қойыпты. Үйде ата-анам еркелетіп "Гулжантай" десе, групаластарым "Гүлеке" деп ат қойып алды. Ата-анам мен бауырларымның есімдері- Асқар, Бибінұр, Әсел, Алдияр. Бауырымның есімін "Алдияр" деп, 2009 жылы мен қойған болатынмын. орыс тілінен аударғанда "ваше величесиво" деген мағынаға ие. Группаластарымның да есімдері ерекше. Әр есім өз алдына терең мағынамен қойылған. Ол есімдерді төмендегі тізімнен оқи аласыздар.

  1. Айшолпан- Ай мен Шолпандай құлпырып, жайнап жүрсін деген мақсатта қойылған.
  2. Гүлфия- иран тілінен аударғанда "әшекей, бұйым" деген мағынаға ие.
  3. Дана- парсы тілінен аударғанда "білгіш, ақылгөй" деген мағынаны білдіреді.
  4. Арай, Арайлым- нағыз қазақ есімдері, қыз баланы айға теңеп, жарқырап жүрсін деген мақсатта қойылған.
  5. Ақтоты- "ақ" сөзі пәктік пен тұнықтықтың символы. 
  6. Сабина- "сәби" сөзінен шыққан. Ақ ұлпадай үлпілдеп жүрсін деген мақсатта қойылған.
  7. Назерке- парсы тілінен "өмір еркесі" деген мағынаға ие.
  8. Құдіреттіллә- күшті, қуатты, құдіретті болсын деген мақсатта көбіне дінге байланысты қойылады.

Көбінесе балаға ат таңдау эмоцияға берілген уақытта туындайды. Олай дейтінімнің де себебі бар. Қазақ жерінде тұңғыш рет 2011 жылы ұйымдастырылған Қысқы Азия ойындар уақытында елімізде туылған 40 нәресте Азияда есімін егелеген екен. Ерекшелігіне сөз жоқ, бірақ  қазақ қызына осы есім қаншалықты жарасады, есімінің астары пәктік, тазалық, адалдық ұғымдарымен астарласады деп, кез-келген есімді қоя салу да менің ойымша дұрыс емес! Олай болса, болашақ қыздарымыздың есімдерін "инстаграмм" деп қояйық, сонда не болмақ!? Ең өкініштісі, ата – аналарымыздың әр күні зарыға күтетін сериалдарының салдарынан сол кино кейіпкерлері есімін өз ұл – қызына қоя салуы. Сондықтан да біз үшін жат есім болған Мелек, Шахризада, Эмирхан, Ясмин, Эсмиральда, Изабеллалар арамызда бүгінде көбейіп келеді.

Әрине, кім қалай есім қоямын десе де өз еркі. Ешкімге тосқауыл қою алмаймыз. Жазу түгі бір естігенде айтылуы да қиындау есімдер елімізде де бар екен.  Ерекше есім арқалап ел ішінде жүрген жандар да бар. Соның бірі «Айтуға оңай» бағдарламасының продюссері Аргентина Жәнібек. Тыйым салынған тізімде 61 есім бар екен. Олардың қатарында Гитлер, Рембо, Бургер-Кинг, Терминатор, Джеймс Бонд, Бэтмен сынды фильм кейіпкерлері мен тағамдардың атаулары кездеседі. Билік өкілдері сондай-ақ, Сонора Суйіктісі, Сонора Күні сынды сөз тіркестерін де адам атын қоярда қолданбауын талап етіп отыр. Тиым салудың басты мақсаты – сәбилердің өскен кезде өз атынан өзі ұялуына жол бермеу.  Қара тізімде Фэйсбук, Твиттер деген адам есімдері де кездеседі. Олай болса, ағайын ерекше есімдерге еліктемей, нағыз ұлтымызға тән есімдерімізбен ерекшеленейік!